Денсаулық сақтау

Былтыр жерлестерімізге 738 рет санитарлық авиация қызметінің көмегі көрсетіліпті

Дина Әшімова – СҚО ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, санитарлық авиация қызметінің үйлестірушісі:

– Санитарлық авиация қызметіндегі реанимобилдердің барлығы заманауи көліктер. Олар соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жарақталған. Жалпы, біз шақыртуларға аудандық аурухананың бас дәрігері немесе оның орынбасарының келісімі бойынша шығамыз. Көбінесе жүкті әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге шұғыл көмек көрсетеміз. Бұдан бөлек ауыр жарақат алғандарға және ауруын асқындырып алған науқастастарға барамыз.

Жалпы, өткен жылы дәрігерлер санитарлық авиацияның көліктерін 696 рет пайдаланып, аудандарға шығыпты. Бүгінгі күні де ақ халатты абзал жандар тұрғындарға көмек көрсетуде. Олар өңірде күн суытып, төтенше жағдай жарияланса да, 7 шақыртуға барыпты. Тіпті, бүгін мамандар облыстық балалар ауруханасынан жағдайы нашарлаған 10 жастағы науқасты да Астанаға алып кетті.

Дина Әшімова – СҚО ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, санитарлық авиация қызметінің үйлестірушісі:

– Біз кейбір жағдайда науқастарды Астанаға апарамыз. Бүгін өткір бүйрек жеткіліксіздігі ауруына шалдыққан жеткіншекті елордадағы “Ана мен бала” Ұлттық орталығына жібердік. Онда емделушіге гемодиализ жасалады.

Айта кетейік, облыстық санитарлық авиация қызметінде 20-ға жуық дәрігер еңбек етеді.

 

Култанов Байболат