МТРА жаңалықтары

Теріскейліктерге Жолдау жүктеген міндеттер түсіндірілуде

Александр Зель – «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Қазіргі күні елімізде Президент жолдауы кең көлемде түсіндіріліліп жатыр. Біз әрбір ұйымды, кәсіпорынды аралап негізгі міндеттерді айтудамыз. Көп кездесулерде тұрғындар білім беру, денсаулық сақтау ісіне қатысты сұрақтарын қойып жатады.

Осы 7-ші бағытта Ұлт көшбасшысы жөнсіз терминология мәселесін де көтерді. Соңғы жылдары әлемде қалыптасқан интернет, крокодил және фортепиано сынды 7 мың термин қазақ тіліне аударылыпты. Маңызды құжатта осы сөздерді бұрмаламай сол қалпында қолдану жайы айтылады. Бұл жаңашылдықды жиынға қатысушы теріскейліктер қызу талқылап, өз ойларын білдіруде.

Сағындық Салмұрзин — Дүниежүзi қазақтарының қауымдастығының СҚОФ жетекшісі:

– Жаһандану процесінде көбінесе ғылыми терминалогияны сол күйінде беру керек. Өйткені, сөз мәдени-ақпараттық кеңістігі бойынша болуы керек. Барлық адамдарға түсінікті болуы керек.

Бұдан өзге, отырыста Елбасының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты жүктеген тапсырмалары да әңгіме болды.

 

Култанов Байболат