Спорт

Өңірімізде аралас жекпе-жектен жарыс өтті

Тимур Баян- жарысқа қатысушы, Пертропавл қаласы:

– Бұл жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын. Сайысқа 3 жұманың көлемінде дайындалдым. Бүгінгі жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ата-анама және бапкеріме үлкен алғысымды білдіремін.

Аралас жекпе-жектен чемпоинат қаламызда 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл сайыста 16-17 жас аралығындағылар бақтарын сынады. Шаршы алаңда осы спорт түріне қызығушылық танытқан нәзік жандылар да бар.

Данияр Жолдаспаев- Петропавл қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы:

– Бұл турнир біз үшін дәстүрге айналды. Жарысқа облыс аудандары және Петропавл, Көкшетау, Астана қалаларынан және Түменнен келген 60 жуық спортшы қатысуда. Жыл сайын бұл додаға қызығушылық танытқан спортшылардың саны артып келеді.

Сайыс нәтижесі бойынша бірінші орынды жерлестеріміз еншіленсе, екінші орынды Новоишимка ауданының спортшылары иеленді. Ал үштікті Щучинск спортшылары тұйықтады. Жарыс соңында барлық қатысушылар медальдармен марапатталды.