Қоғам

ҚХА облыстық филиалы өткен жылды қортындылады

Наиль Салимов – облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

– Өткен жылы алдымызға қойылған барлық міндеттер орындалды. Медиация мен Қоғамдық келісім кеңестері дамуда. Соңғысының жұмысы республикада үздіктер қатарынан табылды. Және біздер ғылыми әдістемелік жинақ шығардық.

Татулықты ту еткен қоғамдық институт өкілдері қайырымдылық шараларын да ұмытпапты. Былтыр олар мұқтаж жандарға біраз көмек қолын созған. Жомарттық танытқандардың қатарында «Самониен Север» тәжік этномәдени орталығының мүшелері де бар. Олар көктемгі тасқын судан зардап шеккендерге де, аз қамтылған отбасыларға да қолдау көрсеткен. Бұл еңбек еш кетпей, орталық төрағасы Анваршох Амиршоевқа ҚХА-ның «Жомарт жан» төсбелгісі табысталды.

Анваршох Амиршоев – «Самониен Север» тәжік этномәдени орталығының төрағасы:

– Көктемде су тасқыны болғанда біздер зардап шеккендерге 300 жұп аяқ киім, тағы 150 куртка мен 250 мың теңгедей қаржылай көмек көрсеттік. Бұдан бөлек, балалар үйлері мен аз қамтылған отбасыларға көмекті аямаймыз. Жалпы біздің орталыққа 350 адам кіреді.

Кездесуге қатысқан облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет Ассамблеяның атқарған шаруаларына оң бағасын беріп, жасап жатқан қайырымдылық шараларын одан әрі жалғастыру керектігін айтты.

 

Магжан Ахмадина