Спорт

Құлагерліктер “Бейбарыс” құрамасынан басым түсті

– Ойын өте тартысты өтіп жатыр. Жерлестерімізге аздап қарқын қосу керек. Сонда жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

– Бүгін Құлагерліктердің қарсыластары осал емес. Ойын оңайға соқпайды.

– Жерлестерімізге басымырақ болу керек. Есеп 1:1. Әлі де шайбалар соғылады деген үміттемін.

Екінші периодта құлагерліктер жанкүйерлер үмітін ақтауға тырысып бақты. Ойынның 38-ші минутында Борис Кондауров қарсылас қақпаға шайба соқты. Осылайша айдын иелері алға шықты.

Ал үшінші айналымда тартыс қыза түсті. Ойынның 48-ші минутында алаң иелері қарсылас қақпаға тағы бір шайбаны дөп түсірді. Соңғы сиренаға 2 минут 7 секунд қалғанда Құлагер ойыншысы Сергей Копылец кездесудің шешуші шайбасын соқты. Сөйтіп, жерлестеріміз үш шайба айырымасымен алға шықты.

Денис Макаров – “Бейбарыс” ХК ойыншысы:

– Ойынды жақсы бастаған едік. Бірақ қателіктерге бой алдырдық. Осы сәтті құлагерліктер тиімді пайдалана білді. Енді келесі ойында есе қайтарамыз деп ойлаймын.

Әзірге, жерлестеріміз турнир кестесіндегі 3-ші орындарын сақтап тұр. Қарымта ойын кешкі сағат 19:00-де өтеді.

 

Молдир Макишева