Білім

Адами капитал – жаңғыру негізі

Гүлмира Кәрiмова – облыстық білім басқармасының басшысы:

– Алдағы қыркүйекте облыс орталығында оқушылар сарайы жұмысын бастайды. Нысан жалпы ғылыми-техникалық бағытта жұмыс жасайды. Сонымен қатар, онда ІТ орталық ашу көзделген. Ол орталықта матемартика, физика, химия т.б бағытта жергілікті зауыттардың басшыларымен әріптестік жасаймыз.

Президент тапсырмасы бойынша алдағы уақытта жаңартылған білім мазмұны бойынша деңгейлік оқыту курстарынан өткен мұғалімдердің жалақысы көтеріледі. Барлық мектептер 5 күндік жұмысқа көшіп, оқушыларға берілетін оқу жүктемесіде төмендетіледі. Кейінгі буын ғылыми-техникалық және жұмысшы мамандықтарына көптеп тартылады.

Раиса Шер – ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры:

– Балалар мен жастарды ғылыми-техникалық шығармашылыққа баулу бағытында ауқымды жұмыс атқару керек. аталған шаруа елімізде ақсап тұр.
Инновациялық технологияларды мейлінше көбірек енгізіп, жаһандық талаптарға бейміделу керектігін елбасы жылда айтады. Сондықтан халықтың зияткерлік әлеуетін арттырған маңызды.

Облыстық білім басқармасы басшысының мәліметінше, өңірімізде кадр тапшылығы байқалады. Дегенмен, аталған мәселені алдағы екі-үш жылда шешу жоспарлануда.


Берік Қасен