МТРА жаңалықтары

Статист мамандар өткен жылды қорытындылады

Бұл жалпы өнеркәсіп өндірісі көлемінің 70 пайызын құрайды. Әсіресе, 2016 жылмен салыстырғанда машина жасау және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары 1,5 есе көп өнім шығарыпты.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Өңдеу өнеркәсібінің 59 пайыз үлесін тамақ өнеркәсібі алады. 2016 жылмен салыстырғанда аталған саладағы өсім 102,8 пайызды құрады.

Ауыл шаруашылығы саласында да жағдай қалыпты. Тек төрт түліктің басы 3-4 пайызға өскендігін атап өтуге болады. Мал басының көбеюіне байланысты облыс аумағында ауыл шаруашылығы мақсатындағы нысандардың саны да артқан. 2017 жылы мал бордақылау алаңдары, құс қоралары, сүт кешендері салыныпты.
Одан бөлек, азық-түліктер мен қызмет түрлеріне сұраныс жоғарылауда. Алайда, сауда-саттық, қызмет көрсету салаларында жағдай мәз емес. Былтыр бағалар мен тарифтер шарықтаған.

Қуанышбек Қалижанов – СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары:

– Азық-түліктер – 5,8 пайызға, азық-түлік емес тауарлар -8 пайызға қымбаттады. Талданған кезеңдегі инфляцияның қалыптасуына халыққа көрсетілетін ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтердің өсуі негізгі әсерін тигізді. Оның ішінде тұрғын үй-комуналдық шаруашылық қызметтеріне тарифтердің өсуі ең үлкен әсер тигізді. Солай, 2017 жылы ыстық су -28,4 пайыз, жылу бағасы – 21,6 пайыз, газ- 14,1, суық су, кәріз – 8,5 пайызға қымбаттады.

Өткен жылы қалаішілік автобуспен қатынау ақысы 23 пайызға, қалааралық жолаушылар көлігімен жол жүру бағасы 2 пайызға қымбаттап, керісінше, пойыз бағасы сәл арзандапты. Осы орайда көші-қон саласына тоқталсақ. Бүгінде облысымызда 558,7 мың адам тұрады. Жартысынан көбі ауылды жерлерде күнелтуде. 2017 жылы некелесуші жұптар саны 5 пайызға өсіп, ажырасышулардың саны 2,8 пайызға төмендеген.

Өмірге келген нәрестелердің саны 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға кем. Былтыр облысымыздан өзге аймақтарға 8 мыңнан астам адам көшіп кеткен.

Бүгінде жұмыспен қамтылған солтүстікқазақстандықтардың 3/1 бизнес саласында нәпақасын тауып жүр. 2016 жылы өңірде шағын және орта бизнес субъектілерінің 28 мыңы нақты жұмыс істеп тұрған. Өткен жылы кәсіпкерлердің саны мыңға қысқарып қалыпты. Бүгінде олардың 27 мыңы істерін жалғастыруда.

Берік Қасен