Аптадағы маңызды жаңалықтар

Қызылжар ауданындағы көпір жөнделудеКөршілес Ресейдің Түмен облысына апаратын бұл жолдағы көпір өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған екен. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Апаттық жағдайда деп танылған көпірде биыл қалыпқа келтіру шаралары басталған. Амир Каримбаев- «Қазавтожол» ҰК АҚ СҚОФ директорының орынбасары: – Аталған көпір республкалық маңыздағы жолдың 27-ші шақырымында орналасқан. Жолдың атауы Петропавл-Соколовка-Түмен. Оған 379 млн теңге бөлінді. Қаржының 50 пайызы толығымен игерілді. Келер жылы жұмысты аяқтау көзделіп отыр. Мына бір участокқа ауыр техниканың келгеніне міне, жарты жылға жуық уақыт болаған. Содан бері қыруар шаруа тындырылыпты. Александр Попов – «Мостостроительный отряд №25 имени Рязанова А.» участогінің басшысы: – «Омутки» өзені арқылы жүретін көпірдің жағдайы тым мүшкіл болатын. Жолдың бір бөлігімен ғана жүру мүмкін еді. Біздер осында келгенде ең алдымен көпірді толығымен бұзып, жолды қопардық. Көпірді демеп тұратын құрылғылар уақытылы, жылы күндері орнатылды. Қалған істерді ақырындап жасап жатырмыз. Барлығы кестеге сай жүруде. Құрылыс жұмыстарына 50-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған. Мердігер компанияның қызметкерлеріне бөлек, мұнда жақын маңдағы ауыл тұрғындары жұмысқа тартылған. Әзірге, «Петропавл-Соколовка-Түмен» бағыты арқылы жүретін жүргізушілер айналма жол арқылы қатынауда. Келешекте оны да қалыпқа келтіру көзделген. Амир Каримбаев- «Қазавтожол» ҰК АҚ СҚОФ директорының орынбасары: – Сонымен қатар аталған жолда да орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Тағы биыл осы жердегі «Бармаши» өзені арқылы өтетін көпірді де жөндеу көзделген. Жобалық сметалық құжаттар дайындалуда. Мына жердегі құрылыс аяқталған соң, оны да жөндеу жоспарда бар. Айта кетейік, техникалық бақылау қызметтері көпірдің сапасын үнемі тексереді. Сондықтан жөндеу жұмыстарының әр кезеңі жіті қадағалауда. Магжан Ахмадина

Амир Каримбаев- «Қазавтожол» ҰК АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Аталған көпір республкалық маңыздағы жолдың 27-ші шақырымында орналасқан. Жолдың атауы Петропавл-Соколовка-Түмен. Оған 379 млн теңге бөлінді. Қаржының 50 пайызы толығымен игерілді. Келер жылы жұмысты аяқтау көзделіп отыр.

Мына бір участокқа ауыр техниканың келгеніне міне, жарты жылға жуық уақыт болаған. Содан бері қыруар шаруа тындырылыпты.

Александр Попов – «Мостостроительный отряд №25 имени Рязанова А.» участогінің басшысы:

– «Омутки» өзені арқылы жүретін көпірдің жағдайы тым мүшкіл болатын. Жолдың бір бөлігімен ғана жүру мүмкін еді. Біздер осында келгенде ең алдымен көпірді толығымен бұзып, жолды қопардық. Көпірді демеп тұратын құрылғылар уақытылы, жылы күндері орнатылды. Қалған істерді ақырындап жасап жатырмыз. Барлығы кестеге сай жүруде.

Құрылыс жұмыстарына 50-ге жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған. Мердігер компанияның қызметкерлеріне бөлек, мұнда жақын маңдағы ауыл тұрғындары жұмысқа тартылған. Әзірге, «Петропавл-Соколовка-Түмен» бағыты арқылы жүретін жүргізушілер айналма жол арқылы қатынауда. Келешекте оны да қалыпқа келтіру көзделген.

Амир Каримбаев- «Қазавтожол» ҰК АҚ СҚОФ директорының орынбасары:

– Сонымен қатар аталған жолда да орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Тағы биыл осы жердегі «Бармаши» өзені арқылы өтетін көпірді де жөндеу көзделген. Жобалық сметалық құжаттар дайындалуда. Мына жердегі құрылыс аяқталған соң, оны да жөндеу жоспарда бар.

Айта кетейік, техникалық бақылау қызметтері көпірдің сапасын үнемі тексереді. Сондықтан жөндеу жұмыстарының әр кезеңі жіті қадағалауда.

 

Магжан Ахмадина