Денсаулық сақтау

ҚР Президенті денсаулық сақтау саласын цифрлендіруді тапсырды

Аталған бағыттағы жұмыстар өңірімізде табысты жүзеге асырылуда. Мысалы, обыстық аурухананың дәрігерлері науқастардың ісін электрондық нұсқада жүргізеді. Бұл еңбек ресурсын оңтайландырып, мамандардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Юрий Белоног – облыстық аурухананың бас дәрігері:


– Елбасы халыққа Жолдауында салауатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек деген болатын. Мен Президенттің айтқан сөздеріне қосыламын. Қазіргі менталитетті өзгерту керек. Айтпағым, адамдар емханаға ауыр науқастанғанда емес, сау кезінде келіп тексеріліп, алдын-алу шараларына көңіл бөлгендері дұрыс. Ауруханаға келгілері келмемейтіндер, “онкоскрин” және “АнтиИнсульт” мобильдік қосымшлары арқылы денсаулық жағдайларын ара-тұра біліп тұрған жөн.

Ақпараттық жүйелерді біріктіру, мобильдік қосымшаларды қолдану, электрондық денсаулық паспортын енгізу шаралары елімізде жалғасын табады. Заманауи жүйеге көшу арқылы сала мамандары медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттырмақшы.

Юрий Белоног – облыстық аурухананың бас дәрігері:

 

– Келешекте отандастарымыздың өмір сүру ұзақтығы жоғарылайды деп күтілуде. Соған байланысты медициналық қызмет көрсетуге деген сұраныс көлемі арта түсетін болады. Сондықтан медициналық ұйымдар пациенттерінің денсаулығына алаңдаушылық білідіріп, осы бастан аурулардың алдын алуға басымдық берген жөн. Қазіргі таңда бірталай озық тәжірибелердің негізінде ауруды ерте сатысында анықтауға болады. Мемлекет басшысы кезекті Жодауында осыған екпін беріпті.

Президент маңызды құжатта онкологиялық аурулармен күресу үшін кешенді жоспар қабылдап, онкологияның ғылымға негізделген орталығын құру қажеттігін айтты. Елімізде қатерлі ісік ауруына шалдыққандар саны аз емес. Осыған орай, өңірімізде обырды ерте сатысында анықтау шаралары күшейтіліпті. Қазіргі таңда облыстық аурухананың магнитті-резонансты томография кабинетіне келушілер көп. Солтүстікқазақстандықтар мұнда жарты жылға бұрын жазылып қойыпты. Дәрігерлердің қолы қыркүйек айына дейін бос емес. Сондықтан, облыстық аурухана басшылығы алдағы уақытта қондырғыны жаңартуды көздеп отыр.

Берік Қасен