ТЖ

Құтқарушылар Жолдауға үн қосты

Қайрат Садықов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

– Өзіме Елбасы айтқан “Ақылды қала” жобасы ұнады. Өйткені, онда қауіпсіздікке қатысты мәселелер көтерілген. ТЖД осы бағытта жұмыс атқарады. Елбасы айтқандай, жаңа технологиялар адамзаттың қауіпсіздігін сақтауға бағытталайын деп отыр. Сол ілкімді істер сәтті жүзеге асырылса бізде төтенше жағдайлар аз болар еді деп есептеймін.

Келешекте күре жолдардың бойына да ақылды қондырғылар орнатылмақшы. Ол жүк қозғалысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жаңалық та құтқарушыларды қуантпай қоймады. Мамандардың айтуынша, сандық технология жол қозғалысын қадағалап, онда болатын апаттарды азайтуға септеседі. Болашақ техниканың тілін латын қарпін меңгергендер басқарады. Осы орайда қазақ тілі мен сырттан келетін терминдерді қолдану жайын ретке келтірген дұрыс дейді Қайрат Садықов. Ол өзі кезінде ТЖД мемлекттік тілді дамыту бөлімін 5 жыл басқарыпты. Құжаттарды қазақ тіліне
аудару кезінде түсініксіз кәсіби терминдер көп кездесетін дейді ол.

Қайрат Садықов – СҚО ТЖД азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері:

– Терминдерді аудару мәселесіне келгенде Ұлт көшбасшысы жақсы пікірлер білдірді. Қазақ тілін бөтен сөздермен былғап алдық. Қазақ тілінің беделін, әлемдік деңгейдегі мәртебесін көтеру үшін Ғ.Мүсірепов атамыз айтқандай сөздің алтынын табуымыз керек. Содан кейін білім мәселесіне келгенде де өскелең ұрпақты бірнеше шет тілін меңгеру міндетті деп санаймын. Қажетті ақпаратты түпнұсқада алған жақсы.

Құтқарушылардың әрбіреуі ҚР-ның азаматы ретінде Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді. Отырыс барысында денсаулық, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында орын алатын өзгерістер де сөз болды.

Берік Қасен