Қоғам

“Business Lady Qazaqstan” коммерциялық жобасына 15 іскер азаматша қатысады

Білікті маман өзінің арнайы сабағы барысында үміткерлерге көпшілік алдында ұялмай, емін-еркін сөйлеуді үйретпек. Осындай оқытулардан өткен соң, нәзік жандылар байқауда бақ сынайтын болады.

Сәуле Қайсар – “Business Lady Qazaqstan” жобасының ұйымдастырушысы:


–  Біз байқауға қатысу үшін кәсіпкерлікпен айналысатын 15 азаматшаны іріктеп алдық. Оларды конкурс алдында арнайы оқытудан өткізіп жатырмыз. Бүгін сөйлеу мәдениетін дамытса, ертең заңгерлермен кездесіп ақыл-кеңестер тыңдайды. Осы жерде алған тәжірбие іс жүзінде көмек болмақ. Жалпы, байқаудың шешуші кезеңі 27-ші қаңтар күні өтеді. Конкурстың негізгі мақсаты – белсенді әйелдердің жұмысын көпшілікке насихаттау, өзге де нәзік жандыларға үлгі болу.

Байқаудың шешуші сынында үміткерлер бірнеше тапсырманы орындамақ. Олар алдымен қазыларға өздерінің кәсібін бейнероликте көрсетеді. Кейін, қазақ тілінде дайындаған шығармашылық өнерлерін паш етпек. Ең қызығы үшінші сын. Онда жергілікті бизнес-ледилар елімізге танымал адамдар қойған сұрақтарға жауап береді. Соңында кешкі көйлектерін жиналғандардың назарына ұсынбақ. Бұл тапсырмаларды орындауға жас кәсіпкер Альбина Қайырбекова дайын. Іскер жан іс тігумен айналысады.

Альбина Қайырбекова – “Қайырбекова” ЖК директоры, Тайынша ауданы:

– Ұлттық нақыштағы киімдерді тігеміз. Құрақ, төр көрпелерді дайындамыз.

Айта кетейік, облыстық “Business Lady Qazaqstan” жобасының жеңімпазы республикалық сайысқа қатыспақ. Байқау жазда, табиғаты сұлу Бурабайда өткізілмек.

 

Култанов Байболат