Қоғам

Крещение мейрамына дайындық қызу

Жағажайда олардың саны 4-еу болмақ. Үшеуі ерлерге, ал біреуі нәзікжандаларға арналған. Ал крест түріндегі екі үлкен және 5 шағын ойшықтар епсикоп аластатқан емдік қасиеті мол зәмзәм суды құйып алуға арналған. Бұл игіліктердің бәрін “Сібір казактары” қоғамдық бірлестігінің өкілдері өз қолдарымен жасауда.

Виктор Таранов – “Сібір Казактары” ҚБ атаманы:


– Бүгін екінші күн жұмыс істеп жатрмыз. Шаруа 19-на дейін тындырылып бітпек. Биыл мұз қалың, сондықтан ойларды жасау да жеңіл. Сынып кетеді деп қорықпайсың. Бізге “Коммунхоз” серіктестігінің қызметкерлері көмектесуде. Олар мұздың үстін қардан тазалап берді.

Қазір мұнда 25 адам еңбек етіп жатыр. Кейінірек, олар ойшықтарға арнайы жақтаулар орнатады, ал су астына ағаштан шағын еден жасалмақ. Сондықтан, діндарлардың батып немесе кездейсоқ мұздың астына сүңгіп кету қаупі туындамайды деп сендірді олар.Десе де, сақтансаң сақтаймын демекші, мереке күні Есіл жағасына жиналған қалалықтардың қауіпсіздігін құтқарушылар мен медицина қызметкерлері қадағаламақ.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел-құтқару отрядының құтқарушысы:


– Жедел-құтқару отрядының 40-қа жуық маманы күзетшілік ететін болады, сондай-ақ 3 бірлік техника жұмылдырылмақ. Суға шомылу орындары қалалық жағажай мен “Речпорт” аумағында жасалуда. Екі жерде де біздің құтқарушылар қызмет атқарады. Мұздың қалыңдығы қалыпты. Дегенмен, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың соңы қайғылы жағдайларға әкеп соқтыруы мүмкін.

Мереке күні мұздың үстіне бір уақытта халық көптеп жиналады. Қалыңдығы 35 см болса да, ауыр салмақтан мұздың морт сынып кетуі ғажап емес. Сондықтан құтқыраушылар азаматтарды сақ болуға шақырады.

 

Саят Ермек