Спорт

Теріскейліктер коньки тебуді үйренді

Владимир Шербаков- Қазбек Байбол атындағы МБЖСМ-нің директоры:


–  Бүгін біз мерекелік кешті коньки тебумен өткіз акциясын ұйымдастырп жатырмыз. Оның мақсаты – қала тұрғындарын салауатты өмір салтына шақыру. Осындай іс-шараны біз алғаш рет өткізіп отырмыз.

Бұл күні Қарасай стадионында құйылған мұзда сырғанақ тебемін дегендерге әдетте жалға берілетін конькилер тегін үлестірілген. Тіпті конькиді тебе алмайтындарға да ерекше көңіл бөледі. Ондайлар үшін халықаралық дәрежедегі спорт шебері Елена Фурманцева шеберлік сағатын өткізіп, әп сәтте конькиде қалай дұрыс тұрыс тұру керектігін үйретті.

Елена Фурманцева- коньки тебуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:


– Бүгінгі шарамызды пайдаланып, бүлдіршіндерді коньки тебуге тартқымыз келеді. Осыған орай, спорттық құралдарды тегін беріп жатырмыз. Сұраса коньки тебуді де үйретеміз. Қазіргі таңда маған 10 шақты адам жүгінді. Кейбіреуі үйрендім десе, осы да жетер деп, рахметтерін айтқандар бар.

Сондай-ақ кеш барысында аяз ата мен ақшақар жиналғандардың күштілігі мен шеберлігін байқайтын көңілді байқаулар мен эстафеталар ұйымдастырып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мәселен мына кішкентай балғындар 2 командаға бөлініп, күштерін сынауда. Мәреге бірінші келгендеріне аяз ата мен ақшақар сыйлықтарын әзірлеп қойған.

Бүгінгі кеш жайлы маған жаттықтырушым айтты. Мен коньки тебумен 3 жыл айналысамын. Бүгінгі шара көңілімнен шықты.

Маған барлығы ұнады. Бүгінгі ескі жаңа жылға, эстафетаға рахмет. Өте қызық әрі көңілді өтті

Кеш өте жақсы ұйымдастырылған. Жиналған халық көп. Барлығы риза.

Мерекелік кеш көңілді от шашумен ақталды.