Қоғам

Терісейліктер Мәуліт мейрамын атап өтті

Мәуліт мейрамына орай жерлестеріміз “Мәңгілік өнеге – әз Мұхаммед Мұстафа” атты шара ұйымдастырып отыр.

Қасымхан қажы Исаев – Облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамы:


–  Мұхаммед Пайғамбардың 571 жылы рабиул айының 12-жұлдызында дүниеге келген. Ол ай өтсе де біз Пайғамбарымыздың туған күнін атап өтеміз.

Мерекелік жиында Алланың жердегі соңғы елшісінің өмірі еске алынды. Жиналғандарға бейнеролик арқылы оның өсиеттері насихатталып, ілкімді істері мадақталды. Пайғамбарлардың абзалы болған Мұхаммед көп уақытын мешітте өткізіпті. Ұйықтардың алдында әрқашан дұға оқып жатқан. Таза киініп жүрген. Одан бөлек, екі дүниенің сәруары ұлтқа, дінге, ауылға бөлінгендерді құптамаған екен. Бұл асыл қасиеттерді жерлестеріміз шара барысында естіп-білді. Мәуліт мейрамында теріскейге арнайы ҚМДБ бірінші наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы келіпті. Құрметті қонақ солтүстікқазақстандықтарды мерекемен құттықтап, өзінің ақжарма тілегін білдірді.

Наурызбай қажы Тағанұлы – ҚМДБ бірінші наиб мүфтиі:


–  Мәуліт – ел боп аталатын ерекше күн. Бүгінгі мәуліт қабыл болсын. Алла тағала баршамыздың тілегімізді, ниетімізді қабыл етсін

Тағы, жиында діндар қауымға өз лебіздерін облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек те білдіріп, өңір жетекшісінің атынан қасиетті мейраммен құттықтады. Бұдан бөлек, мерекелік кеште Пайғамбарымыздың құрметіне орай Мәуліт оқылды.

Шара соңында кішкентай ұл-қыздар да өнер көрсетті. Олар Мұхаммед Пайғамбарға салауат айтты.

Саят Ермек