МТРА жаңалықтары

Облыстық әкімдіктің аппараттық жиыны өтті

Көлік бөлшектерін дайындау көлемі ПАМЖЗ, ЗИКСТО, Казнефтегазмаш және Поиск сынды кәсіпорындарында 2 жарым есеге артты. Тағы, солтүстікте пластикалық бұйымдарды, киім-кешекпен азық-түлік әзірлеуге де қарқын қосылды. Осылайша, өндіріс саласы 104,5% өсті. Дегенмен, бұл республикалық баламасынан шамамен 3 пункқа төмен.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Облыстық көрсеткішті 2 аудан төмендетіп тұр. Мамлют ауданында атқарылған шаруа 78,6%, Айыртауда 92% құрайды. Бұл олқылықты аудан әкімдері байқап, дер кезінде іске кірісуі керек еді. Жұмыс толығымен атқарылуы тиіс.

Ал, Шал ақын, Тайынша және Уәлиханов аудандарында былтыр ауылшаруашылығы өнімдерін шығару ісінің қарқыны төмендеген. Мұны Құмар Ақсақалов сынға алды. Жалпы, теріскейлік аграрийлер мен фермерлер 510 млрд 6 млн теңгенің өнімін әзірлепті. Өңірде 92 мың тонна мал мен құс еті шығарылып, 46 тонна сүт сауылыпты. Және 700 млн дана жұмырта жиналған.

Марал Нұржауыпова – СҚО статистика департаментiнiң басшысы:

–  2.18 Ет өндіру көрсеткіші бойынша Шал ақын ауданы алда тұр. Одан кейін Қызылжар мен Аққайың аудандары келеді. Сүт Петропавл қаласы мен Айыртау аудандарында мол әзірленді. Жұмыртқаның басым бөлігі Қызылжар ауданында жиналынды.

Облыстық статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржауыпованың сөзінше қазіргі таңда өңірде 343 мың ірі қара бар. Қой мен ешкі саны 45 мыңнан асады. Шошқа 142 мың бас. Өлкемізде жылқы аз. Қазіргі күні теріскейдегі қамбар ата төлінің саны небары 115 мыңды құрайды. Бұл сандар теріскейдегі төрт түліктің басымен сәйкес келе ме? Осы ретте Құмар Ақсақалов бірқатар аудандардағы мал басын тексеруді тапсырды.
Кейін, әңгіме ауаны инвестиция тақырыбына ауысты. Былтыр өңірдің негізгі капиталына түскен қаржы 189 млрд. теңгені құраған. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға көп. Ақшаның 66,4% жергілікті кәсіпкерлердің үлесіне тиесілі.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Бұл ретте мемлекеттік инвестицияны, мемлекеттен қарастырылған ақшаны санамау қажет. Көрсеткіш жеке кәсіпкерлерден түсетін қаржы есебінен өскен жөн.
Өңірде инвестиция тарту ісі ақсап тұр. Әсіресе, осы бағытта Айыртау, Есіл, Мамлют және Шал ақын аудандарында жөнді жұмыс атқарылып жатқан жоқ.

Солтүстік Қазақстандағы тауар бағасы шамамен республикалық деңгейдің шамасында болды. Азық-түлік құны 6 пайызға өсіпті. Кондитерлік өнімдер, сусындар, сүт, балық пен жеміс-жидек және көкеніс бағасы 6-дан. 18 пайызға дейін артты. Ал, қант соншаға арзандапты. Бірақ, бұл маусымдық өзгеріс. Былтыр ақылы қызмет түрлері де қымбаттады.

Марал Нұржауыпова – СҚО статистика департаментiнiң басшысы:

–  Инфляцияға ТҮКШ тарифтерінің өсуі өз әсерін тигізді. Ыстық су тарифі 28,4 пайызға артты. Жылу 21%, газ 14%, кәріздік жүйе 8,5 пайызға қамбаттады.

2017 жылғы облыстық бюжеттің шығысы мен іске асырылуына келсек. Үстіміздегі жылдың қаңтарында қазынаға 40 млрд теңге қаржы түсуі керек болатын. Алайда, сомма 992 млн-ға артық орындалды. Дегенмен, 9 ауданнан межеленген салық пен басқа да төлемдер толығымен түспеген. Сонда бюджет қалай жұмсалған?

Ескен Әкімжанов – СҚО қаржы басқармасының басшысы:

–  Облыс бюжеті шығыстармен қоса есептегенде 99,7% орындалып, шығыс көлемі 189 млрд 625 млн теңгені құрады. 523 млн теңге іске аспай қалып отыр. Республикалық қазынадан бөлінген ақша 99,3%-ға игерілді. 357,4 млн теңге пайдаланылмады. Жергілікті бюжеттен берілген 166, 3 тлн теңге де игерілмеді.

Айыртау мен Қызылжар аудандары қаражаттың 100 пайызын игерген. Ақжар мен Аққайың аудандарында да атқарылған жұмыс көңіл көншітеді. Ал, бюджетті ұтымды пайдаланбаған аудандардың тізімін Уәлиханов, Жамбыл және Есіл бастап тұр. Ведомствалардың ішінде энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы ақшаны толыққанды игермеген.

Құмар Ақсақалов, СҚО әкімі:

– 523 млн. теңге игерілмей қалды. Ақшасының жартысы – Сырымбет жобасына тиесілі. Мұның бәрі жан-жақты әрі дұрыс ойластырылмаған шаруаның кесірі. Тиісті бақылау да жоқ. Біз бұл қаражаттың қажеттілігін республикада қорғаймыз, дәлелдейміз. Ал сіздер мына біз төккен терді бағаламайсыздар.

Алайда, бөлінген қаражаттың толықтай игерілмеуінің басты себебі, оның мерзімінен кеш түсуі деп ақталды аудан әкімдері мен ведомство басшылары.

 

Байболат  Култанов