Өнеркәсіп

Елбасы өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағытында бірқатар тапсырма жүктеді

Осы орайда ауыр машина жасау зауыттарына артылар жүк салмақты. Ауыл шаруашылығы техникасын жасауға маманданған Петропавл трактор зауыты да мемлекет басшысының тапсырмаларын ескеріп, соған сай әрекет етуде. Нарық сұранысына сәйкес майлы дақылдар себетін агрегет түрлерін әзірлеуде.

Сергей Шинкаренко – “СП “Петропавловский тракторный завод” ЖШС бас директоры:

– Қазіргі таңда майлы дақылдарға арналған себу кешендерін жасауға кірістік. Ресейлік әріптестерімізбен келісімшарт жасалды. Олардандән мөлшерлеуіш құрылғысын алып тұрамыз. Біз құрастыратын себу кешені бір гектарға 5 келі рапс егуге қауқарлы. Көктемгі-дала жұмыстарына дейін
осындай агрегаттың алтауын шығармақшымыз.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы ауыр машина жасау зауыттарын өнімділігі жоғары қондырғылармен жарақтауға тапсырма берген. Соған орай Петропавл трактор зауытының басшылығы жақында материалдық-техникалық базасын нығайтпақшы.

Сергей Шинкаренко – “СП “Петропавловский тракторный завод” ЖШС бас директоры:

– Жыл басында мемлекеттен 100 млн теңге мөлшерінде қайтарымсыз грант ұтып алдық. Сол қаражатқа су жаңа лазер, фрезер білдектерін сатып алып, қалған қаражатты зауыт аумағын аббаттандыруға жаратамыз.

Өткен жылы кәсіпорын 12 трактор, 15 себу кешенін жасап шығарған. Соңғысының 4-еуін Қостанай облысына, екеуін Ресейге жөнелтіпті.

Бүгінде ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыратын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда. Биыл Петропавл трактор зауытына банктен жылдық 4 пайыз мөлшерлемемен 60 млн теңге заем беріліпті. Осындай арзан несиенің көмегімен өндіріс ошағы өнімдерінің үлесін арттырып, оларды экспорттауды алдарына меже етіп қойған.

Берік Қасен