Ауыл шаруашылығы

Өңірдің мал және өсімдік өсірушілері біліктіліктерін арттырды

Бұл мағлұмат Мамлют ауданына қарасты “Сенім” серіктестігінің директоры Запкен Шаяхин үшін маңызды. Өйткені, азамат жылда 2 жарым мың гектарға дән себеді. Жерлесіміз осы жерде алған білімін алдағы уақытта өз ісінде пайдаланып, өнім көлемін арттыруды қалайды.

Запкен Шаяхин – “Сенім” ЖШС директоры, Мамлют ауданы:

– Агроөнеркәсіп кешенінде ғылым мен білімді ұштастыру керек. Сонда нәтиже болады. Осы жерде алған ақыл-кеңестерді егістік жұмыстары кезінде қолданамыз.

Тағы, жиында өңірдегі мал шаруашылығын дамыту жайы да сөз болды. Әсіресе, семинарда білікті мамандар жерлестерімізге төрт түліктің санын артыру туралы әңгімеледі. Бұл ретте қолдан ұрықтандыру әдістерін қолданған тиімді екен. Семинарда осы тақырып төңірегінде бұдан өзге де пайдалы ақыл-кеңестер айтылды.

Аюп Ысқақов – «СолтҚазМӨҒЗИ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Малдардың бастарын көбейту, тұқымдарын асылдандыру, оларды жем-азықпен қамтамасыз ету, сол арқылы сапасын арттыру жайын айтамыз. Бұдан бөлек, ветеринариялық ережелерді түсіндіреміз.

Жалпы, біліктілікті арттыру шарасына Қызылжар, Жамбыл, Мамлют және М.Жұмабаев аудандарының шаруалары қатысуда. Келесі жиындарда басқа да аудандардың кәсіпкерлері білімдерін толықтырмақ. Жерлестеріміз осындай семинарларда жинақтаған тәжірбиелерін пайдаланып, болашақта елбасының жолдауында айтылғандай ауыл шаруашылығы саласындағы өнімділік пен экспортты 5 жыл ішінде 2 жарым есеге арттыруды жоспарлайды.

Аюп Ысқақов – «СолтҚазМӨҒЗИ» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы:

– Барлығыда тұқымғы байланысты. Малды алып қарасақ та, өсімдік шаруалығын алып қарасақ та. Осы тұқымды дамытып мол өнім алуды көздейміз.

2 күндік семинар соңында өңірдегі 40-қа жуық шаруаға сертификаттар табысталды.

 

Култанов Байболат