Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы бастау алды

Ал, қоғамдық көліктерді тізгіндегендерге қатысты 77 әкімшілік хаттама толтырыпты. Жүргізушілердің басым бөлігі рөлде келе жатып, телефонмен сөйлескен. Тағы маневр жасау ережесін бұзған азаматтар мен көлікті тиісті құжаттарсыз басқарғандар жауапкершілікке тартылды.

БАЯН БАЙҒАСКИНА – СҚО ІІД ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

– Петропавл қаласының соңғы аялдамаларында рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Осы рейдтік іс-шара барысында қоғамдық көлік жүргізушілерінің арасында көлікті заңсыз қайта жабдықтау бұзушылығы бойынша әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Бірқатар жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы өңірде «Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасы екі рет өткізілген. Нәтижесінде 700-ге жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылған.

 

Эльмира Садвокасова