Қоғам

Ұлттық ұланға – 26 жыл

Осындай әскери қызметкерлерді дайындау мақсатында еліміздің облыс орталықтарында Ұлттық ұланның әскери бөлімдері құрылған. Мұндай бөлімдердің бірі Петропавл қаласында орналасқан – Әскери институт. Бүгінде іргелі оқу орны дайындап шығарған 3000 офицер еліміздің күш құрылымдарында адал қызмет атқаруда.

Серік Ахметов – ҚР ҰҰ әскери институты оқу бөлімінің бастығы:

– Әскери итститут Ұлттық ұланға офицер кадрларын дайындайды. Қазіргі таңда білім ошағы түрлі батальонға дейінгі әскери бөлімшелердің 70%-ын құрайды. Ұлттық ұлан қарулы және жауынгерлік қызмет атқарады.

Ал қазіргі таңда институтта 800 курсант тәлім алып жатыр. Салтанатты шара барысында осы әскери білім ошағында борыштарын мінсіз атқарып келе жатқан үздік қызметкерлерге шен беріліп, мерейтойлық төс белгілері табысталды. Қиын, әрі жауапты мамандықты таңдап, адал қызмет етіп жүргендердің бірі Аслан Ерғали. Бүгін оған “Ұлттық ұлан қызметінің үздігі” төс белгісі табысталды. Қызметін осыдан 10 жыл бұрын бастаған майордың Петропавлға қоныс аударғанына көп болмаған. Қазір ол бірінші оқу ротасының командирі.

Аслан Ерғали – ҚР ҰҰ әскери институтының оқу ротасының командирі:

– Петропавл қаласына келгелі 2 ай болды. Келген себебім – жас лейтенаттарды тәрбиелеу. Жұмыс болған соң, қиыншылықтар да болады. Бірақ жастарға жақсы тәрбие беріп жатырмыз деп ойлаймын.

Ал Дидар Хамзин бүгін мерзімінен бұрын аға сержант шешін алды.

Дидар Хамзин – ҚР ҰҰ әскери институтның оқу үдерісінің қамтамасыз ету батальоны старшинасы:

– Бүгін маған аға сержант шені берілді. Өте қуаныштымын. Қызметім – батальон солдаттарына киім-кешектерін дайындап, тазалықтарын қарау.

Шара барысында Әскери институпен тығыз қарым-қатынас орнатқан “Қазақ тілі” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, айтыскер ақын Дәстен Баймұқанов білім ошағына өзі жазған кітабын сыйлап, өлең шумақтарынан үзінді оқыды.

Жалпы бүгінде Ұлттық ұлан әскері қоғамдық тыныштықты сақтау, маңызды мемлекеттік нысандарды қорғау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты бірқатар өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда.

Молдир Макишева