Құқық қорғау органдары

Қаланың қақ ортасында тонау фактісі орын алды

Алмаз Жәкенов – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

– Жедел іздестіру іс-шараларының барысында осыған ұқсас қылмыс жасаны үшін істі болған 1977 және 1983 жылы туған Петропавл қаласының тұрғындары ұсталды. Олардың есірткі қабылдайтындығы да анықталды.

Қылмыскерлерден жәбірленушінің жеке заттары табылғандықтан, оларға кінәсін мойындаудан басқа амал қалмады. Қазіргі таңда заңбұзушылар қамауға алынып, аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алмаз Жәкенов – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы:

– Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 191 бабы, 2 бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Бұл бабтың санциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандықтан айыруды қарастырады.

Бұл тектес қылмыстар орын алған уақытта бірден “102” нөміріне хабарласу керек дейді тәртіп сақшылары. Дер кезіндегі түскен хабар қылмысты тез арада ашуға мүмкіндік береді. Жалпы өткен жылы облыс бойынша 159 тонау фактісі тіркелген. Олардың ашылу көрсеткіші 85,5 пайызды құраған.

 

Молдир Макишева