Өнеркәсіп

Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс

Стартегиялық құжаттың бірінші бағытында Нұрсұлтан Назарбаев “цифрлық дәуірге” лайықты өнеркәсіпті қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керектігін айтты. 2017 жылдың қорытындысы бойынша елімізде жалпы ішкі өнім көлемі 4 пайызға, ал өнеркәсіптік өнімнің көлемі 7 пайызға өскен.

Көрсеткіштер жаман емес, алайда, Елбасының сөзінше бір орында тоқтап қалу орынсыз. Сондықтан, өнеркәсіптік компаниялар бүгіннен бастап өндіріске тың технологияларды енгізулері тиіс. Жаңашылдықтар әлем елдерінің Отандық өнімдерге деген сұранысын арттырады. Ұлт көшбасшысы қойған тапсырманы өңірлік компаниялар орындауға тас түйін дайын. Жолдаумен жіті танысқан жергілікті өндіріс ошақтарының дені қазірдің өзінде материалдық-техникалық мүмкіншіліктерін жаңғыртып, өндіріс көлемін ұлғайтуды көздеп отыр.

Фёдор Дмитриев, “Мұнаймаш” АҚ бас инженері:

– “Өнімділік-2020” бағдарламасы аясында 12 жапондық қондырғы сатып алдық. Осылайша, 2017 жылы ауқымды шаруа атқарылды. Биыл да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырмақпыз. Желтоқсан айында ғана тағы бір жапондық өңдеу ортылығын сатып алдық. Бұл қондырғы өнім сапасын және Президент атап өткендей, өнімділік көлемін біршама арттырады. Осылайша, біз Ресей мен Орта Азия нарығына шыға аламыз.

Максим Большедворов,”Радуга” ЖШС кадр бөлімінің бастығы:

– Биылдан бастап “Радуга” серіктестігі полипропиленді қайта өңдеу көлемін екі есеге арттыруды көздеп отыр. Бұл мақсатта жаңа қондырғылар сатып алмақпыз, сондай-ақ республика бойынша жиналатын шикізат көлемін ұлғайтуды бастап кеттік. Одан гранулалар жасап, шет елге сататын боламыз.

Саят Ермек