Денсаулық сақтау

Тегін дәрі-дәрмек алу енді қиындық тудырмайды

Сәлтай Өмірзақова – қала тұрғыны:

– Бергені ішемін енді. Не істеймін. Рецепт аласың, сосын дәріханаға барасың. Онда болмайды. Екінші айға кетті әлі жоқ. Осы жолы екі түрлі ғана дәріні алып келдім. Жоқ болғаны өзім сатып аламын.

Сәлтай Ғалиқызы сынды мемлекеттен берілетін ақысыз дәрілерді өңіріміздің 72 мыңнан астам тұрғыны алады екен. Бұдан былай науқастар дәріханаларды жағаламай, керек дәрі-дәрмекті өздері тіркелген емханалардан ала алады. Қазірдің өзінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы барлық емдеу мекемелерінен қажетті тегін препараттардың тізімін жиып, өтінімді тапсырған. Оларды жеткізумен «СК Фармация» компаниясы айналыспақ.

Мариям Бапанова – СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Басқарма биыл амбулаторлық ем алушыларды тегін дәрі-дәрмекпен қамту үшін сомасы 5,6 млрд теңге болатын препараттарға өтінім жасалды. Яғни, 48 ауру түрі бойынша дәрінің 270-тен астам түріне тапсырыс бердік. Арасында биыл тіркелген ауру түрлері де бар.

Мариам Бапанованың айтуынша бұл жүйе бойынша жұмыс істеу емханалар үшін, ең бастысы тұрғындар үшін ыңғайлы болмақ.

 

Магжан Ахмадина