Спорт

“Құлагер” құрамасы ” горняк” командасымен қарымта кездесу өткізді

Бірінші период біздің ойыншылар үшін сәтті аяқталды. Есеп 1:0. Ал, екінші кезеңде ойын тіптен қыза түсті. Рудныйлық құрама есепті теңестіру мақсатында соққыны үсті-үстіне үдетіп жатыр. Нәтижесінде қонақ құрама есепті 1:1-ге дейін жеткізді. “Құлагер” командасы бұл шайбаның есесін қайтаруға тырысып, қарсылас команданың қақпасына толассыз шабуылдар жасағанымен бұл жолы қақпадан саңылау таба алмады. Керісінше, екінші периодтың 9 минутында қарсылас команда ойыншысы Дмитрий Демьянов құлагерліктердің қақпасына тағы бір шайба салды. Осымен екінші кезеңнің нәтижесі 1:2. 

– Құлагерліктерге жеңіс тілеймін. Ойын қызықты өтіп жатыр. Бүгін біз қалайда жеңуіміз керек.

– Бүгін мен құлагерліктерді қолдау үшін келіп отырмын. Біздің командамыз мықты. Олардың жеңетініне сенімдімін.

Ойынның шешуші периоды. Құлагерліктер ойынды тартысты бастады. 11 минутта Станислав Логинов қарсыластардың қақпасына бір шайбаны топ еткізді. Сонымен есеп теңелді. Дегенмен қуануға әлі ерте. Жергілікті құраманың бірнеше қателік жасағанын тиімді пайдаланған қарсылас құраманың ойыншысы Владимир Боровков тағы бір шайбының авторы атанды. Сонымен, бұл кездесу 2:3 есебімен горняктықтардың пайдасына шешілді.

Вячеслав Каравдин – “Горняк” құрамасының ойыншысы:

– Бүгінгі ойын қиынға түсті. Себебі, “Құлагер” командасы осал емес. Кеше біз бапкердің берген тапсырмаларын орындай алмадық, қорғаныс та нашар болды. Ал, бүгін біз олардан басымырақ болдық.

Айта кетейік, қантардың 18-і мен 19-ы күндері құлагерліктер өз айдынында атыраулық “Бейбарыс” командасымен кездеседі.