МТРА жаңалықтары

Президент құрылысты және коммуналдық секторды заманға сайлауды тапсырды

Бұл зәулім ғимаратта 332 пәтерден бөлек, 2 шағын орталық орналасатын болады. Тұрғын үйді салып жатқан “Основание” серіктестігі қазірдің өзінде Елбасы жолдаған маңызды құжаттағы тапсырмалардың бірін орындауға қызу кірісіп кеткен. Ол – ғимараттың сапасы, экологиялық тазалығы мен энергетикалық тиімділігі.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:

– Президент өз жолдауында басты бағыттарды айқындап берді. Тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, құрылысшыларды тиімді жұмысқа ынталандыру керек деді. Мәселен, біз аталмыш үйдің балкондарына бірден пластикалық терезелер орнатудамыз. Бұл біріншіден әдемі, екіншіден тұрғындар үшін үнемді. Терезелерді өзіміз жасап шығарамыз, құрылыс материалдарының дені де серіктестікте жасалады. Сондықтан олар сапалы деп сеніммен айта аламын. Болашақта осы бетімізден таймай, өсе беруге дайынбыз.

Жолдауда Нұрсұлтан Назарбаев баспана мен инфроқұрылымдық нысандарды тұрғызу үрдісінде жаңа әдістер мен заманауи материалдарды қолдану қажеттілігін алға тартты. Сондай-ақ, тұрғын үйлерді интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауға баса назар аударылған. Бұл мақсаттар қолжетімді дейді серіктестік басшылығы.

Сергей Тимофеев – “Основание” ЖШС директоры:

– Жуырда Норвегияда болып, құрылыс алаңдарын араладым. Бұл елде экологиялық тұрғын үйлер тұрғызады. Мәселен, шатырға күн батареялары мен жел генераторларын қойып электр энергиясын алады. Бұл арзан дүние емес әрине, алайда болашақта осы технологияларды да пайдалануды жоспарлап отырмыз.

Елбасы бастамасын толығымен қолдаған компания өкілдері айқындалған тапсырмаларды тиімді жүзеге асыруды межелеп отыр.

Саят Ермек