Спорт

Жаңа жыл құлагерліктер үшін сәтті басталды

Көп ұзамай 2-ші шайба да соғылды. Оның авторы құрама капитаны – Ильгиз Нуриев. Ал бірінші 20 минуттықтың аяқталуына 59 секунд қалғанда Денис Стасюк қарсылас команда қақпасына тағы бір шайбаны топ еткізді. Сонымен есеп 3:0.

– Ойын өте қызықты. Құлагер, тек қана алға!

– Осы ойынға Өскеменнен арнайы келдім. 3:0 есебімен ұтып жатыр. Нәтижелері жақсы.:

Екінші 20 минуттықта алаңдағы тартыс қыза түсті. Горняктар айылын тартып, алаңда ойқастай бастады. Тәртіп бұзғандары үшін бірнеше мәрте алаңнан да қуылды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Фёдор Хорошев , 24-ші минутта шайба салып, жерлестерімізді тағы да алға шығарды. Намысқа тырысып жатқан «Горняк» құрамасы да құр қалмады. Араға 5 минут салып қарсылас сапынан Дмитрий Демьянов шайба соқты. Есеп 4:1. Дегенмен, үшінші кезеңде қарсылас команда тағы 1 шайбаны өткізіп алды. Осы қарқыннан таймаған құлагерліктер сауатты ойынның нәтижесінде 52-ші минутта жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Сонымен, айқын басымдықпен «Құлагер» командасы жеңіске жетті.

Фёдор Хорошев – “Құлагер” ХК ойыншысы:

– Жаңа жыл жеңістен басталды. Есеп бойынша басымдыққа қол жеткізсек те, жеңіс оңайға түскен жоқ. Қарсылас команда осал емес. Десе де, бапкердің берген тапсырмаларын ойдағыдай орындап, өз дегенімізге жеттік.

Жалпы “Құлагер” хоккей командасы бүгінгі ойында 27 рет шабуыл жасаған. Айта кетейік, қарымта кездесу бүгін кешкі сағат 19:00-де өтеді.

 

Молдир Макишева