МТРА жаңалықтары

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

Бұдан бөлек, қаламызда 2 мектепті салуға да жәрдемдескен. Тағы, теріскей тумаларының солтүсікқазақстанда жол салу мен тұрғындарды ауыз сумен қамту істеріне де көңіл бөліп жүргендіктері белгілі. Енді, бүгін депутаттар жергілікті бизнесмендермен кездесіп отыр. Жиын кәсіпкерлік саладағы жаңашылдықтарға арналды.

Ольга Перепечина – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Өткен жылы ҚР Парламентінің Сенаты 94 заңнамалық актіні қабылдады. Осылайша әкімшілік кодекске, сот жүйесіне және прокуратура органдарының жұмыстарына өзгерістер енгізілді. Бұл жаңшылдықтардың барлығы тұрғындардың құқықтарын қорғауға арналған. Жаңа заңнамаларды түсіндіру үшін кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып отырмыз.

Жиында депутаттар жиналғандарға бірқатар заңнамалық актілерді әңгімеледі. Әсіресе, іскер азаматтарға өткен жылы күшіне енген жаңа салық кодексі жайлы баяндалды. Осы ретте бизнесмендерді толғандырған мәселелер де талқыланды. Жергілікті кәсіпкерлердің басым бөлігін ел тұрғындары үшін электр энергиясындағы дифференцалдық тарифтің алынып тасталғанына қарсы. Өйткені, бұрындары іскер жандардың көбі белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істепті. Осылайша жарықпен мен оған төленетін ақшаны үнемдеп келген.

Александр Казанцев – СҚО кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі мүшесі, “Казанцев” ЖК директоры:

– Электр энергиясындағы сараланған тарифтің арқасында 3 млрд теңге мен 248 млн килокватт сағат жарық үнемделді. 62 мың тонна көмір де жағылмай сақталды. Алайда, қыркүйектен бастап дифференцалдық тариф алынып тасталынды. Бұрындары кәсіпкерлердің көбі түнгі мезгілде жұмыс істейтін. Осылайша олар жарықты үнемдеп, еңбеккерлердің жалақыларын көтерді. Сол себепті сараланған тарифтің қайта енгізілгенін қалаймыз.

Ольга Перепечина – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Біз, Ұлттық экономика және Энергетика министрліктертеріне осы мәселені қозғап хат жаздық. Алайда, оң жауап алмадық. Дифференцалдық тарифтің алып тастамас бұрын қос ведомство да «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісімге келген. Енді, қайта өтініш білдіретін боламыз. Бұл ретте сіздердің де көмектеріңіз қажет. Іскер азаматтар жиылып хат жазуларыңыз қажет. Біз бұйымтайларыңызды жеткізетін боламыз.

Ал, “Молсоюз” ЖШС директоры Максим Кузлякиннің базынасы
еліміздегі білім беру саласына қатысты болды. Қазіргі таңда кәсіпкердің қарамағындағы 2 жұмысшысы отбасымен бірге Ресейге қоныс аудармақ ниетте. Мамандар балаларына сапалы білім беру үшін көшкелі отыр. Сол себепті азамат мәселені министрлікке жеткізуді ұсынды. Жерлесіміздің өтінішін ҚР Парлементі Сенаты депутаты Ерік Сұлтанов қарастыратындығын айтты.

Култанов Байболат