Петропавлда Санкт-Петербургтық дәрігерлер қабылдау өткізіп жатыр

Денсаулық сақтау

14:07 9 Қаңтар 2018

Владимир Бочановский, атлас маманы, “Атлант” Санкт-Петербургтық медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы:

– Емдейтін аймақ өте маңызды. Бұл жерде жүйке жүйесі және бас миының өзегі орналасқан. Жалпы біз ұсынып отырған әдіс – тиімді, әрі қауіпсіз. Емдеу барысында омыртқаға еш зақым келмейді. Осы әдістің көмегімен пациентті толықтай емдеп шығуға болады.

Санкт-Петербургтық «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері швейцариялық әдісті меңгеру үшін арнайы оқыту курсын тамамдапты. Нәтижесінде ақ халатты жандар осы методика бойынша бірінші мойын омыртқасының жылжуын сәтті емдеп жүр. Үрдіс қауіпсіз, омыртқаға ауыртпалық түспейді. Бұл ретте дәрігерлерге Швейцариялық құрылғы көмекке келеді. Оның көмегімен емделушілер созылмалы аурулардан арылып, денсаулықтарын қалпына келтіреді.

Нина Галета, емделуші:

– Осы орталықтың көмегіне мамыр айында жүгініп, ем қабылдадым. Қазір өзімді әлдеқайда жақсы, әрі жеңіл сезінемін. Басымның айналуы тоқтады. Қолымның жансыздануы басылды. Бұл орталыққа өте ризамын.

Санкт-Петербург дәрігерлері Қазақстанға жыл сайын келіп отырады. Олар арнайы әдісті қолданып, кез-келген науқасты емдейміз деп отыр. Айта кетейік, Петропавлда ресейлік мамандардың қабылдауы қаңтардың 14-не дейін ұзартылған. Дәрігерлердің көмегіне 8 776 283 8326 нөмірі арқылы жазылуға болады.

Молдир Макишева