Қоғам

Православ христиандары Христос Рождествосы мерекесін тойлауда

Жиналған дүйім жұртты православ әлемінің қасиетті мерекесімен өңір басшысының атынан оның бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтады.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

– Облыс әкімінің атынан теріскейлік павослав христиандарын осынау мерекемен құттықтаймын. Еліміз тәуелсіздік алғалы азаматтарға дін бостандығы беріліп, шіркеулер, ғибадатханалар мен мешіттер көптеп тұрғызыла бастады. Христос Рождествосы мейірімділік пен әділдік, рақымшылдықты ту ететін мейрам.

Рождествода әлем христиандары құдайдың ұлы, адамзаттың құтқарушысы Исустың дүниеге келуін тойлайды. Мейрамның 20 ғасырлық тарихы бар. Кезекті рождество күнінде шіркеуге келіп, дұға етіп, бірін-бірі құттықтап, игі тілектерін арнаушы діндар солтүстікқазақстандықтар аз болмады.

– Баршаңызды осы айтулы мейраммен құттықтаймын. Жақсылық, бейбітшілік пен бақыт тілеймін.

– Жыл сайын жұбайыммен бірге мереке қарсаңында шіркеуге келіп, құлшылық етемін. Кейін отбасымызбен дастархан басына жиналып, мейрамды тойлаймыз. Бұл жанымызды тазартып, рухани байытатын мейрам.! Барша православ христиандарын құттықтаймын.

Бұл мерекеге дайындықты православ дініндегілер 40 күн бұрын бастайды. Ауыз бекітіп, жаны мен тәнін тазартады, рухани жаңарып, қайырымдылық жасайды. Ал Рождество мейрамын діндарлар 1 апта бойы тойлайды.

Саят Ермек