Қоғам

Облыс орталығында осы жылғы алғашқы әдеп жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Султан Магомедов – бас маман:

– Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Айдын Қазжанов Елеусізовті жалпы байқау негізінде бөлімнің бас маманы орнына тағайындаған. Бірақ, ол азамат 3 айға созылатын арнайы тексеріс аяқталғанша, тек бас маманның міндетін атқарушы ғана болып жұмыс істеуі керек еді. Бұл олқылық Елеусізовке бөлім басшысының лауазымына өткізілген жалпы байқауға қатысуға мүмкіндік берді.

Осындай заңсыз әрекеттің кесірінен Азамат Елеусізовке желтоқсанның 25-інде мемлекеттік қызметтен кетуге тура келген. Әдеп жөніндегі кеңестің мүшедері, бұл жерде аудан әкімі орынбасарының олқылық жібергенін алға тартып отыр.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл жөніндегі агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Сіздің және қызметкерлерді басқару қызметінің қателігі салдарынан осындай жағдай орын алып отыр. Енді бөлімдеріңізде басшы жоқ. Бұған қоса, Азамат Елеусізовті де жұмыссыз қалдырдыңыздар. Осыған жауапты өзіңіз. Ең алдымен, оның жеке ісін қарап шығуыңыз қажет еді.

Айдын Қазжанов – Айыртау ауданы әкімінің орынбасары:

– Біз заңнан тыс әрекет жасап жатқанымызды білген жоқпыз. Енді ғана түсіндік. Ол кезде жеке ісін де жөндеп қараған жоқ едім.

Азамат Елеусізовтің қызметіне тағайындалу туралы бұйрық қазанның 18-і шықса, жұмысқа ол бір күн бұрын кірісіп кеткен. Тіпті, бұл құжатты аудан әкімі аппаратының қызметкерлерді басқару қызметінің жетекшісі Дана Байғазиева тексеріске де жібермепті. Атап өту қажет, бұл іске бөлім маманы Айдана Шаймерденованың да қатысы бар. Алайда, соңғысысырқатына байланысты бүгін әдеп жөніндегі кеңеске қатыса алмады. Ал, Айдын Қазжанов пен Дана Байғазиеваға қатаң сөгіс жарияланды.

 

Эльмира Садвокасова