МТРА жаңалықтары

Зейнетақы қорындағы өзгеріс

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімінің басшысы:

– Осы жылдың 1 қаңтарынан БЖЗҚ төлемдер енді ай сайын жүзеге асырылатын болады. Адам зейнетке шыққан кезде оның міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болса, оның шотындағы барлық сомасы жасына сай коэффицие́нтке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Соның 12/1 бөлігін салымшы ай сайын алып отырады.

Бұл өзгеріс 2018 жылдың 1 қаңтарынан зейнеткерлікке шыққан тұлғаларға ғана қатысты. Ал оған дейін қорға жүгінгендер зейнетақы төлемдерін бұрынғы тәртіппен алады.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операциялық бөлімінің басшысы:

– Мысалы, адамның шотында 2 млн теңге болса, ол жасына сай коэффицие́нтке көбейтіліп, 12 айға бөлінеді. Содан шығатын сома -16 мың теңге. Ол соманы салымшы ай сайын алып отырады. Жыл сайын оның алатын төлемі азайып отырады. Төлемі 6-9 мың теңге болып қалған күннің өзінде оған күнкөріс минимумының 54 пайызынан кем сома берілмейді. Ол бүгінде 15 274 теңгеге тең.

Бүгінде зейнетақының ең төменгі мөлшері 33 745 теңге болып бекітілді. Есепшотында осы ең төмен зейнетақының 12 еселігі – яғни 404 940 теңгесі ғана барларға аталған соманы шоттан біржола шешіп алу мүмкіндігі қарастырылғанын атап өту керек. Ал шотында 500-600 мың теңгесі барларға осыған дейін жасалған жарналары айларға бөлініп төленеді. Дегенмен, мамандар құрметті демалысқа шыққанда тиын-тебенге қарап қалмас үшін солтүстікқазақстандықтарға ерікті зейнетақы жарналарын аударып отыруға кеңес береді.

Берік Қасен