Қоғам

Өңір христиандары Рождество мерекесін атап өтпек

Мереке қарсаңында қаламыздағы Құдайға құлшылық ету соборы маңайында қызу қарбалас. Шіркеу қызметкерлері кіре берісті түрлі-түсті ойыншықтармен безендіріп жатыр. Мұнда Исустың дүниеге келген үңгірі де жасалуда. Аңыз бойынша осыдан 2 мың жыл бұрын құдайдың ұлы осындай жерде дүниеге келген. Мамандар нысан ішін де әрлеуге кіріскен. Олар шіркеудің бұрыш-бұрыштарына жас қарағай талдарын ілуде. Қасиетті мейрамды тойлауды теріскейліктер желтоқсанның 6-сы кешке бастамақ. Православ дініндегілер түнгі сағат 12-ден кейін далаға шығып рождество мерекесіне арнап әндер айтады. Бір-біріне ас-тұз ұсынады.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Рождесто мейрамы алдында правлослав христиандары 40 күн ауыз бекітті. Олар тамақтан тыйылды. Бойларын рухани тұрғыда тазартты. Енді, осындай қалыпта қасиетті мерекені атап өтпек. Мейрамда адамдар сүзбе жасайды, қаз пісіреді. Осындай ас дайындап, бір-бірін қонаққа шақырады. Отырыстарда әндер айтылады. Тағы, бұл күндері жомарт жандар қайырымдылық жасап, тұрмысы нашар отбасыларға көмектеседі.

 

Култанов Байболат