Құқық қорғау органдары

Мамлют ауданында пәтер ұрысы құрықталды

– Я захожу в комнату и, как бы, такой, свежий воздух. Я подхожу к окну…до…тут все было в земле.

Қылмыс орнына әп-сәтте Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жеткен. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде олар ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. 30 жастағы петропавлдық бұған дейін де бағалы заттарды жымқырып, істі болған екен.

Толқын Қасен – Мамлют аудандық ІІБ тергеушісі:

– Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Петропавл қаласында уақытша тұратын 30 жастығы бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған тұлға ұсталды. Қылмыскермен жалпы келтірілген шығын көлемі 850 мың теңгені құрады.

Қазір аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 188 бабы, 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.

Сахибжамал Табжулова – Мамлют қаласының тұрғыны:

– Мейрамға қарамастан тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, кәсіби жұмыс жасады. Тез арада қылмыскерді құрықтап, қолды болған заттарымның жартысын қайтарып берді.

Тәртіп сақшылары баспананы баукеспелерден сақтаудың бірден-бір жолы үйді орталықтандырылған дабыл жүйесіне қосу дейді. Онымен қоса, кіреберіс есікке бірнеше құлып орнатқан дұрыс. Ал, пәтеріңіз бірінші қабатта орналасқан болса терезелерге темір тор қойған абзал. Бейнебақылау жүйесін орнату да артық етпейді. Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында 1082 пәтер ұрлығы тіркелген екен. Олардың 78,4 пайызын ашу мүмкін болыпты.

 

Саят Ермек