Әр түрлі

Қаңтарда орташа температура минус 14-18 градус шамасында болады

Жазира Касабаева – Қарағанды қаласының тұрғыны:


– Қақаған аяз сезіліп жатыр. Биыл қар аз түсіпті. Осыдан екі жыл бұрын осы кезде келгенім ақ ұлпа көп болатын. Күннің суықтығына қарамастан, қала ішін балаларыммен аралап жүрмін. Әлі бармаған жерлеріміз бар.

Синоптиктердің болжамы бойынша айдың бірінші онкүндігінде сынап бағанасы минус 17-20 градустан төмен болуы мүмкін. Екінші онкүндікте сақылдаған сары аяздар сақталады. Бұл уақытта сынап бағанасы күндіз минус 8-13 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ айдың екінші және үшінші онкүндіктерініде кей жерлерде бұрқасынмен қатар батыстан соғатын жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деп күтілуде.

Татьяна Марьина – СҚО гидрометеорология орталығы ауа райын болжау бөлімінің инженер-синоптигі:

– Үшінші онкүндікте ауаның температурасы түнде минус 17-22, кей жерлерде 27 аяз, күндіз минус 12-17, кей жерлерде 22 градусқа дейін аяз болады деп күтілуде.

Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда биылғы қыс әлдеқайда жылы дейді мамандар. Ал тарих беттерін парақтасақ, ең жылы ауа райымен 1948 жылдың қаңтары ерекшеленіпті. Онда сынап бағанасы плюс 4 градусқа дейін көтерілген. Ал одан сегіз жыл бұрын қаңтардың 13-інде ауа температурасы минус 44 градусқа дейін төмендепті.

Берік Қасен