Денсаулық сақтау

Петропавлда Санк-Петербургтық дәрігерлер қабылдау өткізіп жатыр

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, бала туылған кезде бірінші мойын омыртқасы, яғни атланттың жылжу қаупі бар. Егер осы құбылыс орын алатын болса, қан ағымы бұзылып, жүйке қабықшасы зақымдалады. Ал бұл өз кезегінде бас ауруларына әкеліп соғады.

Владимир Бочановский, атласспециалист, врач-реабилитолог Санкт-Петербургского медицинского центра “Атлант”:

– Емдейтін аймақ өте маңызды. Бұл жерде жүйке жүйесі және бас миының өзегі орналасқан. Жалпы біз ұсынып отырған әдіс – тиімді, әрі қауіпсіз. Емдеу барысында омыртқаға еш зақым келмейді. Осы әдістің көмегімен пациентті толықтай емдеп шығуға болады.

Санк-Петербургтық «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері швейцариялық әдісті меңгерген екен. аталмыш методика мойын омыртқасының орнына қоюға мүмкіндік бар. Осы ретте ақ халатты жандар Швейцариялық құрылғыны пайдалануда.

– 6 жыл бұрын құлап түскен едім. Сол оқиғадан соң басым зақымданып, мойынымды дұрыс бұра алмай қалдым. Қатты қиналдым. Бірақ осы орталықтың көмегіне жүгініп, ем қабылдаған соң, мойыным қалпына келді.

Санк-Петербург дәрігерлері Қазақстанға жыл сайын келіп отырады. Олар арнайы әдісті қолданып, кез-келген науқасты емдейміз деп отыр. Айта кетейік, Петропавлда ресейлік мамандардың қабылдауы қаңтардың 11-не дейін жалғаспақ. Дәрігерлердің көмегіне 8 776 283 8326 нөмірі арқылы жазылуға болады.

Молдир Макишева