Балалар

Жаңа жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға сыйлықтар табысталды

Аяз Ата мен Ақшақар балғындарға арнап жаңа жылдық кеш өткізбекші. Ол үшін қос кейіпкер мерекелік шараға қатысатын талантты жандарды іздеп, іріктеу ұйымдастырды. Шара барысында балғындар бар өнерлерін көрсетіп қана қоймай, ойындарға қатысып, көңілдерін көтерді. Ал мейрамға арнайы келген қонақтар балаларға түрлі базарлықтарын үлестірді.

Роксана Орынбасарова – СҚО “”Жастар ресурстық орталығының” бөлім басшысы:

– Біз жыл сайын “Армандар орындалады” акциясы аясын өткіземіз. Осы шара арқылы балаларға жалпы құны 400 мың теңгеге сыйлық әкелдік. Оларды қаламыздағы 9 бірдей ұйым басшылығы бірлесіп сатып әперді. Базарлықтардың дені – спорттық құрал-жабдықтар. Осы заттарды пайдаланып ұл-қыздар салауатты өмір салтын ұстанады деген сенімдеміз. Оған қоса, тәтті-дәмділеріміз де бар.

Балалар жомарт жандар әкелген сыйлықтарға дән риза.

 

– Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернатының тәрбиленушісі, Қызылжар ауданы.


–  Мен Жаңа жыл мерекесін жақсы көремін. Осы керемет мейрамда достарымызбен ән айтып, би билейміз. Бүгінгі кеште жақсы сыйлықтар алдық. Бұған өте қуаныштымын.


– Даму мүмкіндігі шектеулі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернатының тәрбиленушісі, Қызылжар ауданы.

 

– Маған сыйлықтардың ішінде шаңғы ұнады. Енді, оларды аяғымызға киіп, спортпен айналысамыз. Далада серуендейтін боламыз. Көп рахмет.

Бұдан бөлек, теріскейлік жомарт жандар Петропавлдағы Сәби үйіне де сыйлықтар апарыпты. Енді, жерлестеріміз “Армандар орындалады” акциясын 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қайта өткізбек. Шарадан түскен ақшаға базарлықтар сатып алып, басқа да мекеме тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтамақ.

Байболат Бектемірұлы