Энергетика

СҚО жарықтың құны 5 пайызға қымбаттады

Алайда, бағаны өсіру жайы желтоқсан айында өткен қоғамдық тыңдауда жан-жақты талқыланып, жарық тарифі тек 5 пайызға артатын болып бекітілді.

Наталья Шаяхметова – Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:


–  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке тұлғалар 1 киловатт жарық үшін 13 теңге 59 тиын төлейтін болады. Жалпы тариф бұрынғы бағасынан 0,7 пайызға артты. Ал, заңды тұлғалар үшін электр энергиясы 5,2 пайызға өсіп отыр. Енді, олар 16 теңге 32 тиыннан төлемек.

Жарық құнының өсуіне бірнеше себеп бар дейді компаниядағылар. Алғашқысы – электр энергиясын тасымалдау құны қымбатттаған. Оған қоса монопалист компанияның шығындары да көп екен. Тариф осыған байланысты өзгеріпті. Алайда, теріскейліктер жаңа бағамен келіспей отыр.

–  Жарық бағасы өссе барлығы қымбаттайды. Тіпті, қоқыс шығару қызметінің құны арттады.

 

– Мен зейнеткермін. Өзім жарық бағасын төлермін. Ал, жұмыссыз жүрген жандар ақшаны қайдан тауып береді. Ауылдағы адамдар қалай төлейді.

Айта кетейік, СҚО-да жарықьтың тарифі соңғы рет 2015 жылы артқан болатын. Ал жаңа бағаның қанша жыл өзгеріссіз сақталатыны алдағы уақытта бекітілмек.

Байболат Бектемірұлы