Құқық қорғау органдары

СҚО жанармай құю бекеттерінің біріне шабуыл жасағандар іздестірілуде

Қазір 20 жасар қала тұрғынының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 192 бабы – “Қарақшылық шабуыл” бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сағындық Жантеміров – СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

– Дүкенге қарақшылық шабуыл жасалды. Қылмыскерді жедел-іздестіру барысында бірден ұстадық. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мереке күндері облыс полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында қосалқы жедел-тергеу топтары құрылып, жол-патрулдік полициясының 19 автожасағы мен 22 жаяу топ жұмылдырылды. Жаңа жыл мерекесі түні “102” нөміріне 78 шақырту келіп түскен. Оның 7-і бойынша шұғыл шешімдер қабылданды.

Алена Ткаченко – СҚО ІІД жедел жоспарлау басқармасының бөлім бастығы:

– Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-і аралығында “102” телефон нөміріне қылмыстық іс пен төтенше оқиғалар бойынша 1268 хабарлама келіп түсті. Қала көшелері мен қоғамдық орындарда орналасқан бейне бақылау құрылғыларының көмегімен 376 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Сонымен қатар, өңір полицейлері желтоқсанның 31-інде “Челябы-Новосібір” тас жолында орналасқан “Қаз Мұнай Газ” жанармай құю бекетіне қарақшылық шабуыл жасаған 2 қылмыскерді іздестіруде. Нысандағы күзет агенттігінің қызметкері шабуыл жасағандардың біріне оқ атса, кассир әйел екінші қылмыскерге атарлықтай қарсылық көрсете білген. Алайда, бетперде киген қарақшылар полицейлер келгенше жасырынып үлгерген. Қазір аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Молдир Макишева