Денсаулық сақтау

Мереке және демалыс күндері облыс орталығында 33 нәресте дүниеге келді

Гауһар Насырбаева – қала тұрғыны:


– Бұл үшінші ұлым. 4 344 келі салмақпен туылды. Менің балам 2018 жылы облыста бәрінен бұрын дүниеге келді.

Дәрігерлер босану кезінде Гауһарға жанында жақын адамының болуына рұқсат беріпті.

Гауһар Насырбаева – қала тұрғыны:


– Серіктеспен босану тәжірибемде бірінші рет қолдандым. Жаныңда жақын адамың болған дұрыс екен.

Барлығы Жаңа жыл түнінде облыстық перинаталдық орталықта 5 нәресте дүниеге келді.

Наталья Клебан – облыстық перинаталдық орталығы босану бөлімінің меңгерушісі:

– Биыл егіздер жоқ. Дегенмен, мереке және демалыс күндері, яғни желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 3-і аралығында облыстық перинаталдық орталықта 27 келіншек босанды. 11-і кесер тілігі әдісіне жүгінді. Нәрестелер мен олардың аналарының денсаулық жағдайы бірқалыпты. Кейбіреуі отбасыларына оралды.

Юлия Мезенбекова де сәбиін аман-есен босанғанына қуанышты. ол 4-ші қызын дүниеге әкелді.

Юлия Мезенбекова – Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғыны:


– Дәрігерлерге алғыс айтамын. Еңбектері есіл, түсіністікпен қарады, ұдайы көңіл бөліп, қал-жағдайымды сұрап жүр. Назарсыз қалдырған жоқ. Қыз, ұл болғаны маңызды емес, бастысы нәрестенің дені сау.
Аман-есен 4-ші қызымды босандым. Бәрі ойдағыдай өтті.

Жаңа жыл мерекесінде өңір дәрігерлері күшейтілген режиде кезекшілік атқарды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Жаңа жыл түні өңір перзентханалары әдеткі тәртіпте жұыс істеген. Штаттан тыс жағдайлар болған жоқ.

Берік Қасен