Бизнес және экономика

Ауылда кәсіпкерлік дамып жатыр Корнеевка елді-мекеніндегі ескі монша ғимаратының бүгінгі келбеті міне мынадай. Оны ауыл тұрғыны Михаил Тушин қалыпқа келтіріп, өз кәсібін ашқан. Қазір мұнда жартылай дайындалған өнімдер өндіріп, ет сүрленеді. Тағы нан пісіретін цехтар жұмыс жасайды. Мұнда салтанат залы да бар. Дайын тауарлар жергілікті дүкендерде сатылады екен. Михаил Тушин – «Тушин» ЖК жетекшісі, Есіл ауданы: – Істі бастамас бұрын нарықты жақсылап зерттедім. Етті сүрлеу идеясы Шаров деген белгілі кәсіпкер Корнеевкада мал сою қосынын ашқан соң туындады. Өйткені, олардан ет сатып алғандар кейін бізге әкеліп, оны сүрлете алады. Солай жұмыс жасаймыз. Жаңа жұмыс орындары құрылды. 5 азамат еңбекпен қамтылды. Алдағы уақытта жұмыссыз жүрген сонша тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз. Мұнда барлық ет түрін сүрлеуге болады. Оларды толық дайындауға бір аптаға жуық уақыт керек. Түтінге еттерін қақтауға келушілер үшін баға да тиімді. Бір келі етке 300 теңге төлейсіз. Михаил Тушин – «Тушин» ЖК жетекшісі, Есіл ауданы: – Жұмыс істеп жатқанымызға көп болмаса да, тапсырыстар жеткілікті. Көбіне қалалықтар еттерін сүрлету үшін осында алып келеді. Жергілікті тұрғындар да қызметті пайдаланады. Етті табиғи жолмен қақтаймыз. Кеңестік кезеңдегі әдісті қолданамыз. Ол үшін түтін генераторларын орнаттық. 2017 жылы Есіл ауданында 7 нысан ашылған. Сөйтіп олардың саны 800-ге жуықтапты. Шағын және орта бизнес субъектілері негізінен ауыл шауаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтер мен дәмхана, дүкендер екен. Магжан Ахмадина

Михаил Тушин – «Тушин» ЖК жетекшісі, Есіл ауданы:


–  Істі бастамас бұрын нарықты жақсылап зерттедім. Етті сүрлеу идеясы Шаров деген белгілі кәсіпкер Корнеевкада мал сою қосынын ашқан соң туындады. Өйткені, олардан ет сатып алғандар кейін бізге әкеліп, оны сүрлете алады. Солай жұмыс жасаймыз. Жаңа жұмыс орындары құрылды. 5 азамат еңбекпен қамтылды. Алдағы уақытта жұмыссыз жүрген сонша тұрғынды жұмыспен қамтуды көздеп отырмыз.

Мұнда барлық ет түрін сүрлеуге болады. Оларды толық дайындауға бір аптаға жуық уақыт керек. Түтінге еттерін қақтауға келушілер үшін баға да тиімді. Бір келі етке 300 теңге төлейсіз.

Михаил Тушин – «Тушин» ЖК жетекшісі, Есіл ауданы:


–  Жұмыс істеп жатқанымызға көп болмаса да, тапсырыстар жеткілікті. Көбіне қалалықтар еттерін сүрлету үшін осында алып келеді. Жергілікті тұрғындар да қызметті пайдаланады. Етті табиғи жолмен қақтаймыз. Кеңестік кезеңдегі әдісті қолданамыз. Ол үшін түтін генераторларын орнаттық.

2017 жылы Есіл ауданында 7 нысан ашылған. Сөйтіп олардың саны 800-ге жуықтапты. Шағын және орта бизнес субъектілері негізінен ауыл шауаруашылығы өнімдерін өңдейтін цехтер мен дәмхана, дүкендер екен.

Магжан Ахмадина