Спорт

Тауық жылы мәдениет саласы мен спортшыларымызға қандай табыстар әкелді

Содлан бері оның құрамына енген түркітанушылар, ғалымдар мен өлкетанушылар кең байтақ Қазақстанның түрлі өлкелерін аралап, олар жайлы ақпарат жиды. Күздің басында экспедиция мүшелері өлкемізге келіп, табиғаты көркем теріскейдің тарихи орындардын аралады. Олардың әрқайсысының терең тұнық тарихы, естен кетпес сәулеті бар. Ескерткіштер ата-бабаларымыздың тарихынан сыр шертеді.

Айман Досымбаева- Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, т.ғ.д.:

– Киелі жерлердің өзіндік үлкен тарихы бар. Оларды зерттеп, реттеп, бір ізге келтірмекпіз.

Киелі Қазақстан жобасының облыстық кезеңіне 19 жоба кірсе, соның 6-уы республика көлемінде танылған екен. Тағы биыл өңірімізде алғаш рет Дельфий ойындары өтті. Теріскейде ұйымдастырылған шараға еліміздің түпкір-түпкірінен 600-ден астам адам қатысты. Солтүстікқазақстандық құраманың асығы алшысынан түсіп, олар 1-ші орыннан көрінді.

Бұдан бөлек те, өнерпаздарымыз бен театрларымыз талай рет байқауларға қатысып, ел намысын абыроймен қорғады. ЭКСПО көрмесі аясында өткен облыстың мәдени күндерінде де теріскейлік жұлдыздар барша әлем жұртшылығына өздерінің тамаша туындыларын ұсына білді.

Мағжан Ахмадина – тілші:


– Тағы облыстық филармонияның әншілері мен «Әлқисса» фольклорлық ансамблінің мүшелері Қытайдың Үрімші қаласында өтіп жатқан фестивальде өнер көрсетуде. Ал «Әдемі-ау» бишілер ұжымы Абу-Дабиге аттанды. Олар халықаралық шарада заманауи қазақ өнерін паш етпек.

Биылғы жылы спорт саласы да толайым табыстарға толы болды. Өзімізде де, өзге құрлықтарда да жасындай жарқыраған толағайларымыз намысты қолдан бермеді. Солардың бірі – облысымыздың мақтанышы, боксқа енді ғана қадам басқан әр баланың кумирі- Жанат Жақиянов.

Жанат Жақиянов – аса жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша экс әлем чемпионы:

– Ақпан айында кездесуім болды. Онда мен судьялардың шешімімен жеңімпаз деп танылып, әлем чемпионы болдым.

Кәсіпқой боксшының айтып отырған кездесуі, жылдың басында америкалық Роуши Уорренмен өткен жекпе жек. 12 раундқа созылған бәсекеде теріскейлік спортшы 1-ші кезеңде 2 мәрте нокдаун алғанымен, қалған раундтарда қарсыласын аямай сабады. Сөйтіп табандылығының арқасында жеңіске жетті. Тынымсыз еңбек палуанымыз Данияр Кәленовті де жетістіке жетеледі. Ашхабадта өткен V Азия Ойындарында ол алтынан алқа тағынды.

Данияр Кәленов – грек-рим күресінен V Азия ойындарының чемпионы, халықаралық “Болат Тұрлыханов Кубогы” турнирінің жеңімпазы:

– Мен өзбек палуанымен кедестім. Кейін ирандық палуанмен белдестім. Осылар басты қарсыласымыз болды.  

Бұл жүлде спортышының жеңіске деген жігерін одан сайын шыңдады. Сөйтіп, елге оралған соң жерлесіміз “Болат Тұрлыхановтың Кубогы” турнирінде қанжығасын алтын алқамен майлады. Қос бірдей дүбірлі додада намысты қолдан бермеген жеңімпазға бір бөлмелі пәтер берілді. 2017 жылы тағы солтүстікқазақстандық футбол сүйер қауым үшін жағымды жаңалық орын алды. Биылғы маусымда күміс жүлдеге ие болған «Қызыл-Жар СҚ» құрамасы Премьер Лигаға өтті. Жергілікті аяқдопшеберлері енді дайындығын пысықтап, алдағы жылы жақсы ойын өрнегін көрсетуге барынша тырысуы қажет.

Али Алиев – «ҚызылЖар СҚ» ФК капитаны:


–  Маусым біздер үшін оңай болған жоқ. Көп қиындықтардан өттік. Бірақ алда одан да зор мақсат міндеттер тұр. Дайындықты күшейтіп, келер маусымда да осы жеңісті жолды жалғаймыз деп ойлаймын. Жалпы біздерді қолдаған барша жанкүйерлерге алғысымыз шексіз. Олар болмаса мұндай жетістіке қол жеткізе алмас па едік?! Сондықтан аянып қалмаймыз.

Баршамыз 8 жыл күткен жаңалық. Сондықтан аяқдоп шеберлерінен келер маусымда жағымды жаңалық күтеміз. Хокейшілеріміз де ерледі. Құлагерліктер екінші жыл қатарынан ел кубогін еншілеп келеді. Спорт саласындағы қуанышты сәттері “Қуаныш” волейбол құрамасының қыздары да еселей түсті. Команда 16/17 – ші маусымның жеңімпазы атанды. Алда спортшыларымызды үлкен сын күтіп тұр. 2018 жылы Оңтүстік Кореяда Қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Әзірге оған қатысу үшін жолдламаны тек бір ғана солтүстікқазақстандық сптортшы конькишіміз Роман Креч жеңіп алған. Десе де, келер жылғы жүзделеріміз жүзден асады деген үміт бар.

 

Магжан Ахмадина