Өнеркәсіп

“KORN” ЖК “Тбасты бастау” аталымын жеңіп алды

Әріректе Виталий Котов терезенің соңғы бөлшектерін жабыстыруда. Бұл материал пластикке ұқсағанымен, қарағайдан жонылады. Ал, есік пен моншаға арналған терезені жасауға көктерек пен қайың қолданылады. Кәсіпорын жақында бұл қызметкерлердің жалақысын көтеріпті.

Виталий Котов, “KORN” ЖК өндіріс жетекшісі, Есіл ауданы:


– Терезе жасау үшін тақтайлар тегіс, бұтақсыз болуы керек. Сол, үшін стонокка салып барлық кедергілерін алып тастаймыз. Дайын болғанша өнім 4-5 құрылғыдан өтеді. Егер құрастыруында бір қате жіберсеңіз – терезе қыста қатып, конструкциясы бұзылуы мүмкін. Жел кірмеу үшін шет-шетін жақсылап жабыстырамыз. Кейін осындай замануи, сәнді, сапалы материал шығады.

Мұнда шарбақ, терезелер мен есіктен қалған ағаштың үгіндісіне дейін іске жаратылады. Оны мынадай етіп тығыздап нысанның ішін жылытуға пайдаланады. Кәсіпорын былтыр жазда ашылған. Әзірге тәжірибелері аздау, шикізат сатып алуға көп шығындалады, нысанға әлі жөндеу жүргізу керек. Дегенмен, Жақыповтар отбасы кәсіптерін өрге қарай домалату үшін келер жылға біраз жоспарларын құрып қойған. Ашылғалы 3 млн теңгенің тауарын өндіріпті. Биыл облыстық “Табысты бастау” байқауында жеңімпаз атанып та үлгерген. Жас кәсіпкердің қуанышын жақында дүниеге келген ұлы еселей түскен екен. Айтуынша, биылғы жыл табстырға толы болыпты.

Қуаныш Жақыпов, “KORN” ЖК директорының орынбасары, Есіл ауданы:


– Ағаш терезе – экологиялық таза өнім. Қарапайым болып көрінгенімен, замануи жоғары технологиялы жабдық. Шыныны – Көкшетаудан, Қарағайды – Қорғаннан әкелеміз. Өзге ағаштар өз өңірімізде өседі. Қазір сапаны арттыруды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта жиһаз шығару да ойда бар.

Кәсіпкерліктің басты тұтынушылары – корнеевка ауылының тұрғындары. Любовь Максимовна үйіне екі терезені биыл жазда орнатқан. Ескісінен жел соғып, қыста үйі жылынбай қойыпты. Тек, биыл көзім ашылды деп отыр, нәзікжанды.

Любовь Алексеева, Келлеровка селосының тұрғыны, Есіл ауданы:


–  Шебер келіп, үйдің есігін ауыстырып берді. Келесі күні жаңа терезе қойды. Бұрынғылары ескі болатын. Бұл есік-терезе үшін несие рәсімдейін деп едім, кәсіпкер алмай-ақ қойыңыз деді. Зейнетақымнан бірдіндеп төлейтін болдым. Осы үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Жалпы Келлеровкада 800 үй бар. 2000-нан артық адам тұрады. Жақында, “Корн” кәсіпкерлігіне селодағы “Санк-Лоренс” гимназиясынан да терезе ауыстыруға тапсырыс түскен.

 

Ақбөпе Тәңірберген