Спорт

Жасөспірімдердің ІІ республикалық қысқы ауыл ойындары аяқталды

Валерий Самохвалов – Президенттік көпсайыстан жарыстың бас төрешісі:


–  Президенттік көпсайыста СҚО бірінші, қостанайлықтар екінші орын иеленді. Жергілікті спортшылар басты қарсыластарынан 201 ұпай басым түсті. Ал, қола медалды ақтөбелік жастар еншіледі. Жалпы, жарыс жоғары деңгейде өтті.

Бұдан бөлек, спорттық бағдарлау, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей сайыстарында да солтүстікқазақстандық жастар жеңіс тұғырынан көрінді.

Осылайша жерлестеріміз жасөспірімдердің ІІ республикалық қысқы ауыл ойындарында жалпы құрамалық есепте 1-ші атанды. Ал, екінші орынға қостанайлықтар табан тіресе, үшінші орынды алматы облысының құрамасы еншіледі.

Аслан Тоқбаев – Спорттық бағдарлаудан облыс құрамасының жаттықтырушысы:

– Жарыс біздің құрама үшін сәтті өтті. Жалпы, құрамалық есепте бірінші орын иеленіп отырмыз. Бұл ретте өңір спортшыларының еңбегін атап өткен жөн. Олар ұзақ дайындалып жеңімпаз атанды. Бұған әрине қуаныштымыз.

Айта кетейік, сайыс жүлдегерлеріне кубок, медаль және дипломдар табысталды.

 

Байболат Бектемірұлы