Қоғам

Жаңа жыл қарсаңында көпбалалы аналардың балалары сый-сияпатсыз қалмады

Бахытжан Сәмиева – СҚО іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы:

– Бүгінгі шырша көпбалалы аналардың балаларына арналып отыр. Іскер әйелдер қауымдастығы жыл сайын осындай шараларды ұйымдастырады. Мерекелік шыршаға 17 көпбалалы жанұяның балалары қатысуда.

Бүгінгі шараға шақырту алғандардың арасында Светлана Цыбарт та бар. Нәзікжанды 5 баланы тәрбиелеп отыр. Кенжесі Вероника мен 5 жасар ұлы Максим мерекелік шыршаға қонақ ретінде келсе, 16 жастағы ұлы ертегі қойылымына ат салысты. Көпбалалы ана осындай қолдау шараларына ризашылығын айтуда.

Светлана Цыбарт- көпбалалы анна:

– Балаларсыз өмірімді елестете алмаймын. Бұл күн біз үшін ерекше. Өйткені жаңа жылды атап өту үшін қайта бас қосып отырмыз. Осындай мереке ұйымдастырып жатқандарына алғыс білдіремін.

Көпбалалы аналар да құр қол келген жоқ. Олар кішігірім көрме ұйымдастырып, қолдан жасалған заттары мен тоқыған шұлықтарын сатты.
Жалпы “Қызылжар аналары” қоғамдық бірлестігінде бүгінгі күні 30 көпбалалы отбасы бар. Оларға СҚО іскер әйелдер қауымдастығы әрдайым көмектесіп, қолдау көрсетуде.

Молдир Макишева