Денсаулық сақтау

Ағзаға тез әсер ететін туберкулезге қарсы жаңа медициналық препараттар СҚО әкелінбек

Нидерландылық препараттардың науқасты санаулы күндердің ішінде емдеп жазатын қасиеті бар көрінеді. Мамандардың сөзіне қарағанда, туберкулезге шалдыққандар ем-домға бұрынғыдай 20 ай емес, небары 1 жыл уақытын жұмсайды.

Динара Карменова – облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің дәрігер-фтизиологы:


– 2018 жылдың 1 қаңтарынан СҚО дәріге төзімді туберкулез түріне жалпыдан емдеу нұсқасы енгізіледі. Осылайша осы ауру түрін қысқа мерзім ішінде жазып шығу мүмкіндігі бар.

Нидерланды препараттары халықаралық денсаулық сақтау ұйымы ұсынған медициналық препараттардың тізімінде бар. Сондықтан импорттық тауардан қорқудың қажеті жоқ дейді дәрігерлер.

Раиса Құсайынова – облыстық туберкулезге қарсы диспансері бас дәрігерінің орынбасары

– СҚО-да туберкулез бойынша эпидимиологиялық жағдай бірқалыпты. Аталмыш дертке шалдығушылардың саны жыл сайын 7 пайызға кеміп келеді.
Былтыр облыстық туберкулезге қарсы диспансерге 413 ауруды есепке алдық. Биыл олардың қатары 370-ті құрайды.

Өңір дәрігерлері импортталған препараттар ем қабылдаушыларға оң әсерін тигізеді деген ойда.

Берік Қасен