Денсаулық сақтау

Облыстық балалар ауруханасында жаңа жылдық ертеңгілік өтті

Олег Завьялов – Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

– Біз әр жыл сайын ем-дом қабылдап жатқан балаларға арнап мерекелік ертеңгілік өткіземіз. Биыл да дәстүрді бұздай қызықты шара ұйымдастырдық. Кеш өте қызықты болады. Ән айтылып, би биленеді. Аурухана ұжымы бірігіп сыйлықтар да сатып алдық. Бүгін сол тәттілер мен ойыншықтарды ұл-қыздарға үлестіретін боламыз.

Ертеңгілік көңілді қойылымнан басталды. Ортада ханшайым, қоян, және аққала киімдерін киген жандар өнер көрсетіп, кештің сәнін келтірді. Бұл спектакльді Еркетай Дәулетбаева қызыға тамашалап отыр. 8 жастағы жерлесіміз бүгін ауруханадан шығады. Осылайша өзінің сүйікті мерекесі – Жаңа жылды ата-анасының қасында үйінде қарсы алмақ.

Еркетай Дәулетбаева:

– Біз, Жаңа жылды асыға күтеміз. Аяз ата мен Ақшақарды көргіміз келеді. Бүгінгі мереке көңіл көтеріп, ойнаймыз.

Бұдан бөлек, балалар сайыс түрінде өткен ойындарға қатысты. ал кейін Аяз ата және Ақшақармен кездесті.

Жаңа жылдың басты кейіпкерлерді ұл-қыздарды алдағы мерекемен құттықтады. Олар залда отырған барлық балаларға сыйлықтар табыс етті.

Әнуар Елімбай:

– Маған ертеңгілік ұнады. Ән айттық, би биледік.

Бұдан бөлек, Аяз Ата мен Ақшақар аурухананың жансақтау бөлімшесінде де болды. Олар 1 жарым жылдан бері ем қабылдап жатқан Лейлаға сыйлықтарын әкелді. 1 жыл 6 айлық сәби дұрыс таныс ала алмағасын, үнемі қондырғының көмегін қажет етеді. Тағы, мереке қарсаңында мекеменің басқа да бөлімшелеріндегі ұл-қыздар да сыйсыз қалмады.

 

Култанов Байболат