Әр түрлі

Келе жатқан 2018 жыл – ит жылы

Светлана Радугина:

– Көрмелерге қатысатындықтан, жиі далаға шығарып, серуендетемін. Кешкі уақытта жаттығулар жасаймыз. Әсіресе аяқтарына ерекше көңіл бөлу қажет. Шани ет, сүт өнімдері және жемістермен қоректенеді.

Бұл шаштараздың қызметіне мына сәнқой Бестио Мучо жарты жыл сайын жүгініп отырады. Үйіндегілері оны Чита деп атайды. Үйдің бір мүшесіне айналған төрт аяқтыны Светлана Павловнаға баласы 8 жыл бұрын күшік кезінде сыйлаған екен. Ресейдің Екатерибург қаласынан арнайы алынған иттің тұқымы – джекрасл терьер. Сәнқой Чита, шаштараз жұмысын тамамдағанша тырп етер емес. Иесі де сүйікті серігінен ештеңесін аямайды. Шашын қиып қана қоймай, үстіне сәнді киімдер де сатып алып тұрады. Мұның бәрі әрине арзанға түспейді.

Светлана Ещанова:

– Мен Читаға киімдерін зоо дүкеннен сатып аламын. Қысқы және жазғы киімдері бар. Мәселен үстіндегі мына қысқы комбинезон 4500 тг тұрады. Сондай-ақ, оның арнайы жаттығу құрылғылары мен ойыншықтары бар.

Иесінің еркелеткенін Чита өз кезегінде көрмелердегі жеңістерімен қайтарады.
Кейбір иттерді қожайындары күтіп, алақанында ұстаса, енді бірі адамдардың безбүйректігінің кесірінен қала көшелерін кезуге мәжбүр. Мұндай жануарларға «верный друг» қайырымдылық қоры көмек көрсетеді. Олардың осындай панасыз қалған иттерге арналған клиникасы бар. Қазір мұнда жарақаттанған және иесіз 40 ит бапталуда. Солардың бірі – Дана. Оның өңеші тесілген. Тамақ ішкенде қиналып, үре де алмайды.

Татьяна Тихненко – директоры:

– Бұл қор 2016 жылы қарашаның 26-сы құрылды. Иттер клиникаға ауыр халде түсіп жатады. Төбеттерді ешкім алғысы келмейді. Сол себепті олар осы жерде ұзақ мерзімге қалады.

Өзге иттер ел тыныштығын сақтауға ат салысуда. Мәселен мына қызметтік иттер полицейлермен бірге көше кезіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Евгений Сичковтың Атланта Кана есімді итімен жұмыс істеп келетініне 5 жылдың жүзі. Жарылғыш заттарды анықтауға үйретілген төрт аяқты бірталай қылмыстың бетін ашып үлгерген. Қатаң тәртіпке үйретілген Кана – иесінің нұсқауынсыз артық әрекетке бармайды. Қазір ол көліктің артында тығылған тротилді табуы керек.

Кана жасырылған затты тапқан кезде, белгі берді. Сонымен төбет өзіне жүктелген тапсырманы ойдағыдай орындап шықты. Жалпы бұл қызметке кез келген ит жарамайды. Бұл іске ойнағанды жақсы көретін, ештеңеден қорықпайтын, жүйкесі мықты 5-6 айлық күшіктер таңдап алынады.

Евгений Сичков:

– Кана өте мейірімді, әрі ойнақы ит. Командаларымды бұлжытпай орындайды. Жақсы жұмыс атқарса, сүйікті ойыншығын беремін. Жалпы қызметтік иттерді 1,5 жасынан үйретіп, жаттықтыра бастаймыз. Қызметке тұрарда паспорттарын істейміз.

Иттер ерте заманнан адаммен аң аулауға шығып, иелерінің ажырамас серігіне айналған. Бүгінде Шани мен Чита сияқты ермек үшін бапаталатындары да молынан. иттердің қай-қайсысына болмасын, адамдардың көңіл ерекшіе Қазіргі таңда әлем бойынша иттің 703 түрі бар.

Молдир Макишева