МТРА жаңалықтары

“Зерде” республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті

Севара Абдукаюмова – Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының оқушысы, Петропавл қаласы:

– Мен бүгінгі жобаға “Петропавл жылу электр орталығының күл-қоқыс қалдықтарының гүл өсіруде минерал тыңайтқыштар ретінде пйдалану” атты ғылыми жобасын дайындап әкелдім.

Ал Аққайың ауданынан келген Даниил Герасимов болса, мұндай сайыстарға бірнеше рет қатысып үлгерген. Жетістіктері де аз емес. Сол себепті де, қазылар алқасының алдында өзін сенімді ұстап, таңдаған тақырыбын жоғары деңгейде қорғап шықты.

Сонымен қатар Даниил 20 айдаһар мен динозаврдан құралған ойыншықтар мен өзі салған суреттерінің кішігірім көрмесін ұйымдастырды.

Даниил Герасимов, Смирнов №1 орта мектебінің оқушысы, Аққайың ауданы:

– Ғылыми жобам “Орыс әдебиетіндегі айдаһар кейіпіне” арналған. Мен түрік, славян және Европа елдері ертегілерінде айдаһарлардың қандай кейіпте ұсынылғанын зерттедім. Бұл жобаға екі ай уақытымыз кетті. Жеңістен үміттімін.

Білім бәсекесіне Петропавл қаласы мен өңіріміздің аудандарынан келген 220 жеткіншек қатысуда. Сайыстың көздегені – балалардың зерттеу дағдыларын дамыту.

Әлмұрат Бектеміров – СҚО Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– “Зерде” зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы.

Бірінші орыннан көрінген жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады. Жалпы “Зерде” республикалық олимпиадасы ел көлемінде осымен 13-ші рет өткізіліп отыр.

Молдир Макишева