МТРА жаңалықтары

Болашақта елімізде мұздан жасалған төбешіктерге стандарт енгізілмек

Өкінішке қарай, елімізде қыс кезінде тұрғызылаптын төбешіктерге тиісті қадағалау шаралары жүргізілмейді. Себебі республикада бұған қатысты бекітілген стандарттар жоқ. Алайда, келешекте бұл жұмыс тиісті министрлік тарапынан қолға алынбақшы. Осы ретте сарапшы мамандар көрші мемлекеттің дайын стандартын негізге алуды ұсынуда. Ресейде осыған қатысты ереже үстіміздегі жылдың көктемінде қолданысқа енгізіліпті.

Вадим Маршаков – Техникалық реттеу және метрология комитетінің СҚО бойынша департаментінің қызметкері:

– Ресей елінің стандартында мұздан көтерілген төбешіктерге талаптар жақсы жазылған. Сырғанақта бұрылыстар болмауы керек. Төмен сырғыған адам жақтауларды жанап өтпеуі тиіс. Сондықтан сырғанақтың орта тұсын ойпаң етіп жасау қажет. Кедір-бұдыр жерлері болмауы тиіс.

Берік Қасен