Денсаулық сақтау

3-ші қалалық емханада электрондық тіркеу орны іске қосылды

Аталған мәселені шешу үшін емхана әкімшілігі жақында электрондық тіркеу орнын іске қосты. Келушілер терминал экранында төлқұжатындағы ЖСН-ін тереді. Кейін өзіне ыңғайлы күнді және уақытты белгілеп, тұрғылықты аумағы бойынша учаскелік дәрігерге жазылады.

Әлия Ташетова -№3 қалалық емхананың бас дәрiгерi:

– Тіркеуге бір апта бұрын тұруға болады. Скринигтік тексерістерден өтетіндер де таломен дәрігерлерге кіре алады.

Қала тұрғыны Бақытгүл Дүйсекина дәрігердің көмегіне жиі жүгінеді. Айтуынша, кейде кезекте ұзақ тұрып қалады. Зейнеткер мұндай терминалдың пайда болғанына қуанышты.

Бақытгүл Дүйсекина – қала тұрғыны:

– Маған ұнады. Енді кезекте тұрмайтын болдым. Электрондық бағдарламаны ойлап тапқан адамдарға алғысымды жеткіземін.

3-ші қалалық емханадағы электрондық тіркеу орны Call-орталықпен байланыстырылған. Терминалдан талон алған пациенттердің қай дәрігерге жазылғанын операторлар біліп отырады. Электрондық бағдарламаны жергілікті “PROF it” компаниясы әзірлеген. Бұл жоба келешекте өңірдің барлық емханаларына тегін қолданысқа енгізілмек.


Берік Қасен