Спорт

Жасөспірімдердің ІІ республикалық қысқы ауыл ойындарының ашылу салтанаты өтті

Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет қатысып, додада бақ сынайтын жастарға жарқын жеңістерге жетуді тіледі. Жалпы, бәсеке теріскей төрінде желтоқсанның 28-інші жұлдызына дейін жалғасады. Айта кетейік, осыдан 4 жыл бұрын Жасөспірімдердің І республикалық қысқы ауыл ойындары Ақмола облысында өтті. Онда солтүстікқазақстандықтар 2 екінші орынға ие болған еді.

Серік Жарасбаев – ҚР мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары:

– Жарыстың басты мақсаты ауыл балалары арасында спортты дамыту. Олардың арасынан мықты жастарды іріктеп алып, дүбірлі додаларға қатыстыру.

Адия Қадырова – жарысқа қатысушы, Алматы облысы:

– Мен өзім Алматы облысынан келдім. Президенттік көп сайыстан сынға түсемін. Дайындығымыз жақсы. Жеңіске жетуге тарысамын.

Култанов Байболат